|
1- тапсырма.
Екі дос «Сан жасыру» ойынын ойнауда. Ойынды бақылап тұрған үшінші дос олардың ойынын ауызша сипаттады. Осы сипаттау бойынша «Сан жасыру» ойынының блок-сызбасын құрыңдар.
|
Дескриптор
Жұптасып тапсырмамен танысып, талқылайды.
Ойынның блок- сызбасын ойынның ауызша сипатын
негізге алып құрады.
|
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Бас бармақ» əдісі арқылы бағалайды.
|
Интерактивті тақта
|
|
«Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру» əдісі Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс істеуді талап етеді. Əрине, ОҮБ-ның өзі бірлескен жұмысты
білдіреді, сондықтан бірлескен жұмыс дағдысын айқын жəне анық
қалыптастыру қажет.
Аталған үдерісті оқушылармен бірлескен жұмыс түсінігін талқылау арқылы бекітуге жəне тапсырманы бірлесе орындау арқылы жүзеге асыруға болады.
|
2- тапсырма. Суретке назар аударыңдар.
«Далада жаңбыр жауып тұр. Əпкесі мен інісі даланы терезеден бақылап тұр. Жаңбыр сəлден соң тоқтайды»
(3-сурет).
Дескриптор
–Топта тапсырмамен танысып, бірлесе талқылайды.
Сурет желісі бойынша сызықтық алгоритмнің блок- сызбасын құрастырады.
Сурет желісі бойынша талмақталған алгоритмнің блок- сызбасын құрастырады.
|
Топтағы оқушылар бірін-бірі топтағы жұмыс істеу деңгейіне қарай
«Басбармақ» əдісі арқылы бағалайды.
|
Интерактивті тақта
|
|
«Венн диаграммасы» əдісі.
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін
нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі.
Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау
операциясын меңгереді.
|
3-тапсырма.
1. Сызықтық жəне тармақталу алгоритмдерін салыстыр.
2. Суреттегі блок- сызбалардың ішін толтыр. Дескриптор
Сызықтық жəне тармақталған алгоритмдерін салыстырады.
Суреттегі блок- сызбалардың ішін
толтырады.
|
Жұптағы оқушылар бір- бірін топтағы жұмыс істеу
деңгейіне қарай
«Басбармақ» əдісі бойынша бағалайды.
|
Интерактивті тақта
|
Сабақтың соңы
(7 мин.)
Сабақты бекіту. Рефлексия
|
ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия «Гүлдер» əдісі.
Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Содан кейін оқушылар сабақ барысында өздерінің түсінгендерін бір сөйлеммен қорытындылап айтады. Ары қарай олар сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен? Өзіне қалдыруға да болады. Бұл жерде бірін-бірі жəне өзін-өзі бағалау жүреді.
|