Сабақтың тақырыбы: Театр мәдениет ордасы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты


Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық



бет3/3
Дата11.04.2022
өлшемі31,81 Kb.
#30680
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
7.04.қт 11-сын

Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық:

  • алдымен, қанша уақыт сөйлейтініңді толық біліп ал. Әдетте, жұрт алдында көп уақыт сөйлеу аудиторияны жалықтырып жібереді;

  • материал жинауды жүйеле, ол үшін көзделген мақсат пен аудиторияның ерекшеліктерін анықта;

  • ақпарат көздерін, кітап, газет-журналдарды ірікте. Кезегімен оқып шық. Мәнін түсін. Өз көзқарасыңды қалыптастыр;

  • сөзді дауыстап айту немесе оқу өнерін меңгеру, мінбеде өзіңді дұрыс ұстау ережесін қатаң сақтау, аудиторияның қалауы қандай болатынын ескерген дұрыс. Сонымен қатар, ойыңызды қағазға қарамай не қарап айту мәселесін шешіп ал;

  • шешендік өнердің қыр-сырын (дауыс, интонация, қимыл-қозғалыс, сөйлеу мәдениеті) мүлтіксіз меңгеруің керек. Дауысыңды диктофонға жазып, қайта тыңда. Айна алдында қимыл-қозғалысыңызды тексер. Тақырыпқа қарай киім стилін де дұрыс таңда;

  • аудиторияның тұтқиылдан қойған сұрақтарына тапқыр да ұтымды жауап беру, білім-ғылым бәсеке таласын ұйымдастыра білуге дайындал. Себебі көп алдында сұрақты жауапсыз қалдыру не түрлі сылтау айтып сұрақтан жалтару сенің абыройыңа сын болады;

  • тақырыбыңа орай мысалдар, мақал-мәтелдер, дәйексөздер жаттап ал. Бұл сенің ойыңды көркем жеткізуге септігін тигізеді;

  • дайындық кезінде бар қобалжуыңды жең. Психологиялық тұрғыдан өзіңді дайында. Көпшілік алдына шыққанда қобалжып қалсаң, «тет-а-тет» әдісін қолдан. Яғни, сөйлеу кезінде бір адамды белгілеп, өзіңді соған ғана қарап айтып тұрғандай сезін.

Кәукен Кенжетаев

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет