|
Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
Бекіту
Кері байланыс
Үйге тапсырма
|
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Өткен бөлім пысықталады.
Жаңа сабақ тақырыбы ,мақсаты таныстырылады.
Шешендік өнер – адам өмірінің әрқилы ішкі үдерістерін бейнелеудің озық тәсілі, өзгелерді өз еркіне бағындырудың аса күшті қаруы, жанды қарым-қатынастың амалы, адамның құдіреттілігін танытатын көпқырлы ілім. Шаршы топ алдында сөз сөйлеуге даярланушы әрбір адамның алдынан бірнеше мәселе бас көтереді. Алғашқы кезде сөз сөйлеудің мақсатына орай «Кімдерге сөйлеймін?», «Оларға не айтамын?», «Оларға бұны не үшін айтамын?» секілді сауалдар туындайды. Сондай-ақ сөйленер сөздің сыртқы «техникалық» жағын айқындайтын «Қалай дұрыс айту керек?», «Қалай түсінікті айту керек?», «Қалай қызықты айту керек?», «Қалай сендіре сөйлеу керек?» сияқты сұрақтарға жауап бере алатындай болу керек.
Ежелгілер: «Шешендік – білім нәтижесі», – деген.Ежелгілер: «Шешендік – білім нәтижесі», – деген.
Шешен әзірлік мезетінен бастап төмендегі сауалдарға ойлануы тиіс:
өз ойын түсінікті етіп қалай жүйелеу керектігі;
сөз материалдарын қандай үлгіде орналастыруға болатындығы;
деректер мен айғақтарды қалай қолдану қажеттілігі.
|