Шешенге қойылатын талаптар:
мақам мен кідіріс;
дауыс ырғағы;
ой екпіні;
үн әуезділігі;
орфоэпиялық норма.
Шаршы топ алдында шешен сөйлеудің негізгі шарттары:
тіл байлығы;
ой түсініктілігі;
шынайылық;
эмоциональдылығы;
нақтылық пен дәлдік.
1-тапсырма .Оқулық тапсырмасы. Берілген дереккөздерді пайдаланып, коммуника-тивтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеуге талпыныңыз.
Дескриптор Білім алушы:
-дереккөздерді пайдаланады;
-коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлейді.
2-тапсырма. Оқулықтағы 5-тапсырма тыныс белгілерін ережеге сай қолданып,мәтінді көшіріп жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы:
- тыныс белгілерін ережеге сай қолданады;
-мәтінді көшіріп жазады.
Бүгінгі сабақтан не түсіндіңдер?
Бүгінгі күннің маңызды ақпараты қандай?
«Бір ауыз сөз» әдісімен сабаққа керібайланыс жасалады.
5-тапсырма.211-бет.
|
-сұрақтарға жауап береді;
- өткен тақырыптарды еске түсіреді.
Көпшілік алдында дұрыс,шешен сөйлеу өнері туралы мағлұмат алады
Өз пікірлерін білдіреді.
Көпшілік алдында дұрыс,шешен сөйлеуге талпынады
Тыныс белгілерін ережеге сай қолданады.
|
Қошемет, мадақтау
Мұғалім оқушыларды 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағалайды;
|