Стенд әдісі. ( Стенд әдісіне байланысты видеоролик көрсете отырып түсіндіру) Темірбетон бұйымдары стендте барлық технологиялық операцияларды бір жерде орындау арқылы өндіріледі. Стенд тәсілі бойынша қалып горизонтальді (көлденең) орналасады. Бетон араласпасын нығыздау үшін қалыпқа орнатылатын немесе араласпаға батырылатын дірілдеткіштер қолданылады. ал тығыздалған қоспаны тез қатайту үшін қалыптардың "көйлегі" араласпасына ыстық бу өндіріледі»
Темірбетон бұйымдарының түрлерімен таныстыру.
Темірбетон бұйымдары негізгі өлшеміне қарай ұзын (бағаналар, арқалықтар, формалар, қадалар, ригельдер), жалпақ жабындық және этажаралық плиталар, қабырғалық панельдер), қалын массивті құрама фундамент және цоколь блоктары) және көлемді санитарлық техника бөлмелері, лифті шахтасының көлемді элементтері, блок-бөлмелер, құдық сақиналары болып өндіріледі.
4. Жаңа сабақты қорытындылау . Құрылыста қолданылатын темірбетон бұйымдары неше әдіспен дайындалады?
Темірбетон бұйымдары тағайындалу және толтырғыш түріне қарай қандай түрлерге бөлінеді?
Темірбетон бұйымдары стенд әдісі бойынша қалай өндіріледі?
Темірбетон бұйымдары конвейерлі, ағымды – агрегатты әдісі бойынша қалай өндіріледі?
Темірбетон бұйымдарының түрлерін ата?
5. Жаңа сабақты бекіту. «Бәрін білгім келеді» ойыны арқылы бекіту.
1.Темірбетон бұйымдары неше әдіспен өндіріледі
3+
5
2
2. Темірбетоннан жасалған аражабын арқалықтарын қандай кластық бетоннан жобалайды.
В 30- В 35 және одан жоғары +
В 7,5- В 15
В 15- В 25
3. Темірбетонды конструкцияларды дайындау үшін қандай бетон қолданылады
Ауыр бетон+
Жеңіл бетон
Ірі кеуекті бетон
4. Бетон қоспаларын тасымалдау үшін пайдалынылатын көлік түрі
Автобетон тасығыштар+
Автоцемент тасығыштар
Автогудранаторлар
5.Темірбетон ростверк қандай болуы мүмкін
Құрама, монолитті+
Құрама
Монолитті
6.Мұздатқан кездегі бетонның аса беріктігі неге байланысты
Бетон класына+
Бетон температурасына
Бетонды жылыту
7. Бетон жақсы жұмыс істейді
Қысқанға+
Игенге
Созғанға
8. Темірбетон арақабырғаның қалыңдығы нешеге тең
120мм+
160мм
80мм
9. Бетонның сығуға беріктігін анықтау үшін не қолданылады
Қошқаров балғасын+
Кашкин балғасын
Каспаров балғасын
10. Арматураның класы жоғары болған сайын
Айырылуға беріктігі жоғары+
Иілімділігі жоғары
Жақсы пісіріледі
11. Бетон қоспаларын дірілдету ұзақтылығының жетіспеуі неге әкеліп соқтырады
Бетонның тығыз төселмеуіне+
Бетонның отыруына
Оның қабатталуына
12. Бетон қоспаларын тасымалдаған кездегі негізгі технологиялық шарты
Оның біртектілігін сақтау+
Күн сәулесінен сақтандыру
Атмосфералық жауын - шашыннан қорғау