Темірбетон дегеніміз–бетон мен арматураны біртұтас етіп біріктіруді айтады. Темірбетонның негізгі артықшылығы оның беріктігі, тозбайтындығы, қалаған формада құюға болатындығы. Бетон сығу күшіне қарсыласады, ал бетон созу күшіне бетоннан әлдеқайда артық кедергі көрсетеді. Бетон болатпен жақсы ұстасады және оны коррозиядан сақтайды.
Қолданылуы: көпір салуда, гидротехникалық құрылыста, тұрғын үй, қоғамдық ғимараттарды салуда т.б. құрылыстарда кеңінен қолданылады.
Темірбетон бұйымдарын өндірудің негізгі схемалары. Темірбетон бұйымдар өндірісінің төхнологиясы мынандай кезек пен жұретін негізгі операциялардын түрады; бетон араласпасын және арматураны дайындау, арматураны қалыпқа орнату және оған бетон араласпасын салып (құйып) нығыздау, ыстық бумен өңдөу, бұйымдарды қалыптан босату, қалыптарды тазалау және майлау.
Темірбетон бұйымдарын өндіру әдістері. Конвейерлі әдіс. ( Конвейерлі әдіске байланысты видеоролик көрсете отырып түсіндіру) Бұйымдар конвейерде не ағымды агрегатты тізбекте жасалынады. Конвейер типтері аз бұйымдарды көп дана етіп өндіру үшін пайдаланылады. Бұл төхнология мүмкіншілігінше көп операцияларға постарға бөлінген. Мұнда конвейердің қажетті аспаптармен, машиналармен, т.б. жабдықталған әр постында бір ғана операция орындалады. Сондықтан болашақ темірбетон бұйымының өлшемдеріне сай қалып конвейердің әр постына тоқталып, операция біткен соң. келесі постқа жылжиды. Бірінші поста қалып тазаланады. екінші поста қалыпта арматура орнатылады, үшінші поста қалыпқа бетон араласпасы салынады. Келесі поста араласпа дірілдеткіштер (1- сурет) нығыздалынады. Конвейерді басқару пультінде әр поста операциялар орындалып болғанын көрсететін лампалар жағылғаннан соң оператор кнопкіні басып, бүкіл конвейерді бір ағымды, яғни әр постыдағы қалыпты келесі постқа. жылжытады.
Ағымды-агрегатты әдіс. ( Ағымды-агрегатты әдіске байланысты видеоролик көрсете отырып түсіндіру) Бұл жағдайда технологиялық операциялар негізінде үзіліссіз, бірінен сон бірі орындалатын жұмыс постарында жүргізіледі. Мұның конвейерлік әдістен айырмашылығы - көйбір операциялар: арматураны орналастыру. бетон араласпасын салу (құю), оны нығыздау бір поста. мысалы центрифугада орындалуы мүмкін, ал қалып бір постан келесі посқа көпір кранмен, тельферамен* т.б. жеткізіледі; бұйымның (бетонның) қатаюын тездету келесі поста-мерзімді (оқтын -оқтын) жұмыс істейтін бу камерасында өткізіледі.