Сабақтың тақырыбы: Темірбетон бұйымдарының өндірісі Сабақтың мақсаты



бет3/6
Дата13.04.2023
өлшемі127,81 Kb.
#82181
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ашық сабақ "Темірбетон бұйымдарының өндірісі"

ІІІ –топ
Темірбетон бұйымдарының түрлері
Құрама темірбетон бұйымдары таситын транспорт пен көтеретін крандардың мүмкіншілігіне байланысты үй салатын комбинаттарда темірбетон бұйымдарын өндірілетін заводтарда негізінде 25 м-ден, ені (көлденеңі) 3 м-ден, салмағы 25 т-дан аспайтын болып жасалынады. Бұйымдар өлшемнің дәлдігі 5-10 мм. Құрама темірбетон бұйымдары негізгі өлшеміне қарай ұзын (бағаналар, арқалықтар, формалар, қадалар, ригельдер), жалпақ жабындық және этажаралық плиталар, қабырғалық панельдер), қалын массивті құрама фундамент және цоколь блоктары) және көлемді санитарлық техника бөлмелері, лифті шахтасының көлемді элементтері, блок-бөлмелер, құдық сақиналары болып өндіріледі.
Азаматтық құрылыста қолданылатын бұйымдар. Бұйымдардың түрлері көп, негізгі номенклатурасын қарайық.
Үйдің және басқа да азаматтық ғимараттардың фундаменті ретінде фундаменттік блоктар және қадалар пайдаланылады, Ленталы фундамент ұзындығы 0,6-2,4 м, ені 0,6-3,2 м, биіктігі 0,3-0,5 м, маркасы М150- М300 ауыр бетоннан жасалған блоктардан құрастырылады„ Бағана (еден астына төселетін фундамент трапеция пішінді; оның төменгі ауданы жалпақ, ал жоғары жағында бағананы орнату үшін істелінетін үясы бар. Қадалар үзындығы 20 м-ге дейін, ал қимасы 900 шаршы см-ге дейін болып жасалынады.
Түрғын үйдің сыртқы кабырға панельдері жеңіл болуы үшін олар үш қабатты болып өндіріледі екі темірбетон қабаты арасына жылу өткізбейтін матөриал көбік построл, минералды мақта, газ немесе көбік бетон, т.б.) салынады. Панельдің сыртқы жағы заводта керамикалық плиткалармен я басқа декоративтік материалдармен шыны не пластмасса плиткаларымен) тысталынады немесе атмосфераға төзімді бояулармен сырланады. Мұндай панельдердің қалыңдығы 25-30 см - ге дейін, ал салмағы 50% - ке азаяды.
Сытқы қабырғаларық бір қабатты панельдер текше метрінің тығыздығы 700-1000 кг, маркасы М50-М100 көуек толтырғышты жеңіл бөтондардан және тығыздығы 300-700 маркалары М35, М50 ұялы бетондардан өндіріледі. Үй құрылысында көп пайдаланылатын сыртқы қабырға панельдерінің өлшемі бөлме өлшеміне сәйкес ұзындығы 3,6 м, биіктігі 2,9 м; қалыңдығы 40 см, салмағы 4 т-ға дейін, ал екі бөлме өлшеміне сәйкес панельдөрдің үзын -дығы 6... 6,6 м, салмағы 8 т - ға дейін, бұл панельдер түтас не терезе, есік блоктарын қоятын қуыс қалдырып жасалынады.
Ішкі кабырғалық панельдер бір қабатты етіліп маркасы М150-М300 ауыр бетоннан я маркасы М150, М200 конструкциялық жеңіл бетоннан өндіріледі (1, ә-сурет), Панельдер тұтас немесе есік орнататын қуыс қалдыра жасалынады„ Олардың үзындығы 6 метрге. биіктігі 2 метрге, қалыңдығы 20 см-ге дейін.
Өндіріс ғимараттарының төбесін жабу үшін жабындық тақталармен қатар қалыңдығы 3-4 см темірбетоннан істелінген қабық түрлі бұйымдар қолданылады. Олардың мөлшері үлкен (10х10 м). Мұндай конструкциялар ауданы үлкен (100 м2) және материал шығыны аз болғандықтан басқа жабындық бұйымдардан тиімдірек.
Инженерлік ғимараттар құрылысына түрлері көп. Олар жолдық, аэродромдық, көпірлік, тунельдік бұйыдар, трубалар, т.б. Мысалы темір жол құрылысында көп тараған бұйымдарға алдын ала кернелген маркасы М500 бетоннан өндірілген шпалдар және электрлендірілген темір жолдардың сымын ілу үшін маркасы М400 бетоннан істелінген бағаналар жатады. Соңғы көрсетілген бұйымдардың бетонның аязға төзімділігі Г100-Г200 аралығында болуы тиіс. Бағаналар көбінесе құмыра қималы, екі товар жәнө швеллер нұсқалы (типті) қабырғасы торланып төсілген түрінде жасалынады.

Жаңа сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың жауаптарын толықтыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет