Эксперименттік тапсырма «Салқындап бара жатқан судың температурасының уақытқа тәуелділігін зерттеу»
1.Мензуркаға 200 мл ыстық су құйыңдар және оның бастапқы температурасын өлшеңдер.
2.Температураны әрбір 2 минут сайын өлшеңдер.
3.Мәндерді кестеге толтырыңдар:
4.Салқындап бара жатқан судың температурасының уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңдар.
Білім дағдысы: Қолдану (І)
3-тапсырма
«Кім алғыр» әдісі арқылы берілген суреттегі термометр күйін жазады.
Суретте екі түрлі термометрлер бейнеленген.
- Цельсий шкаласы мен Кельвин шкаласы арасындағы байланыс формуласын жазыңыз._______________________
-Берілген суретті пайдалана отырып, белгісіз термометр көрсеткішін анықтаңыз.
-Сұйықтық термометрде температураны өлшеу үшін температураның қандай шамаға тәуелділігі және қандай қасиеті пайдаланылады?
«Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс. Бүгінгі сабақта қандай жаңа, қызықты нәрселер білдіңдер? Сабақ кезіндегі белсенділігіне қарай бағдаршам түстерін таңдаймыз.
Үйге тапсырма: "Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары" тақырыбын оқу.
|
Оқушылар алдыңғы тақырыпты еске түсіреді .
Оқушылар берілген сұрақтарға өз ойларын айтады
Оқушылар берілген құрал –жабдықтар арқылы тапсырманы орындайды.
Әр оқушы жеке жауап береді
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |