ҚБ: «ТӨДК» әдісі арқылы оқушылар бірін бірі бағалайды. Толықтырады, өзгертеді, дамытады, күрделендіреді.
РЕФЛЕКСИЯ
Үйге тапсырма. №3, №6, №10.
Сабақтың тақырыбы: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар және олардың қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: 7.1.1.9 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу; 7.1.1.10 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану; 7.1.1.32 перпендикуляр ұғымын біледі
Осы сүйір бұрыштың бір қабырғасын
жазыңқы бұрышқа дейін толықтырайық.
Сонда неше бұрыш пайда болды?
Осы пайда болған бұрыштарды сыбайлас бұрыштар деп атайды.
Қане, балалар салған сызбаға қарап
отырып осы бұрыштардың анықтамасын тұжырымдайық.
Егер екі бұрыштың бір қабырғасы ортақ, ал қалған екі қабырғалары толықтауыш сәулелер болып келетін екі бұрыш сыбайлас бұрыштар деп аталады. О – бас нүкте, ОА – ортақ қабырға.
ОВ, ОD қабырғалары – бір –біріне толықтауыш сәулелер.
Теорема: Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180º- қа тең.
Дәлелдеуі: ІІІ4 аксиомасы негізінде: АОD +DОВ = АОВ.
АОВ – жазыңқы бұрыш, АОВ = 180º.
Ендеше, АОD +DОВ = 180º. Д.к.о.
О нүктесінде қиылысқан а және b түзулері берілсін.
a∩b =О.
1, 3 және 2, 4 – вертикаль бұрыштар.
Бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыштың қабырғаларының созындысы болып
келетін екі бұрышты – вертикаль бұрыштар деп атайды.
ОС, ОВ және ОА, ОD сәулелері бір –бірінің созындысы.
Теорема: Вертикаль бұрыштар тең болады.
Дәлелдеуі: a∩b =О. 1, 3 вертикаль бұрыштар.
1 + 2 = АОD;
3 + 2 = ВОС.
АОD = 180º → 1 +2 =180º , 1 = 180º - 2 (1)
ВОС = 180º → 3 +2 =180º; 3 = 180º - 2 (2)
(1), (2) 1=3. Д.к.о.
РЕФЛЕКСИЯ
Сабақтың тақырыбы: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар және олардың қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: 7.1.1.9 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу; 7.1.1.10 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану; 7.1.1.32 перпендикуляр ұғымын біледі
тапсырмалар 1: АВС бұрышы 111, 90, 15 градусқа тең деп алып, АВС бұрышына сыбайлас бұрыш табыңдар. 2 Сыбайлас бұрыштардың бірі тік бұрыш, екінші бұрыш қандай болады? 3 Сыбайлас екі бұрыштың биссектрисалары жасайтын бұрышты табыңыздар. 4 Вертикаль бұрыштардың биссектрисалары бір түзудің бойында жататынын дәлелдеңдер. 5 Вертикаль бұрыштардың бір бұрышы 44015!-қа тең. Қалған бұрыштарын табыңдар.