Сабақтың мақсаты: 7.1.1.4 теоремаларды дәлелдеу әдістерін білу: тура дәлелдеу және «кері жору» әдістері Мына сөйлемдердің қайсысы аксиома, қайсысы теорема болатынын анықтаңдар: 1) кез келген екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізуге болады;
2) шаршының диагоналдары тең болады;
3) шеңбердің центрінен басталатын сәуле оны бір нүктеде қиып өтеді;
4) бір түзудің бойында жататын үш нүктенің біреуі ғана қалған екеуінің арасында жатады
Шеңбердің центрі арқылы өтетін түзудің оның екі нүктеде қиятынын дәлелдеңдер.
“Егер екі бұрыштың бұрыштық өлшемдері тең болса, онда олар тең болады” тұжырымына кері тұжырым жазыңдар.
1. Кез келген кесінді сызыңдар. Циркульдің көмегімен оған тең кесінді өлшеп салыңдар.
2. Қағаздан қиып алынған ABCD шаршысын АС кесіндісі бойымен бөліңдер. Пайда болған үшбұрыштардың теңдігіне көз жеткізіңдер.
3. ABCD квадраты берілген. AB, BC, CD, DA, AC, BD кесінділерінің ішінен; Өзара тең болатын; Ортақ нүктесі болатын; Ортақ нүктелері болмайтын кесінділерді анықтаңдар. Сызбада көрсетіңдер.
4. AB=20м, AC=5м, BD=7,9м кесінділері берілген. Төмендегі жағдайлар үшін CD кесіндісінің ұзындығын табыңдар:
1.C мен D нүктелері AB кесіндісінде жатады.
2.С мен D нүктелері AB кесіндісіне тиісті емес.
3.C нүктесі ғана AB кесіндісіне тиісті.
4.D нүктесі ғана AB кесіндісіне тиісті
РЕФЛЕКСИЯ
Сабақтың тақырыбы: Теореманы дәлелдеу әдістері: тура дәлелдеу және «кері жору» әдісі.
Сабақтың мақсаты: 7.1.1.4 теоремаларды дәлелдеу әдістерін білу: тура дәлелдеу және «кері жору» әдістері
1. Келесі тұжырымдаманың ішінен дұрыс берілген тұжырымдаманы анықтаңдар: 1) “Биссектрисcа-бұрышты қақ бөлетін сәуле”
2) “Егер сәуле биссектриcса болса, онда ол бұрышты қақ бөледі”
3) “Бұрыштың төбесінен шығатын сәуле бұрыштың биссектриcсасы деп аталады”
4) “Бұрыштың төбесінен шығып, оны қақ бөлетін сәулені оның биссектрисcасы деп атайды”