Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі


Слайд І – қатар 5+6 11- 4 16- 9 ІІ- қатар 14-5 5+7 17 -9 ІІІ- қатар 12- 8 9+ 5 18-10 суреттер 3 слайд



бет18/19
Дата19.06.2022
өлшемі150,63 Kb.
#37064
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
3. Слайд
І – қатар 5+6 11- 4 16- 9
ІІ- қатар 14-5 5+7 17 -9
ІІІ- қатар 12- 8 9+ 5 18-10

суреттер


3 слайд үш қатарға үш түрлі сурет

4слайд Бағалау критериі
Дұрыс «5», 1 қате «4»
2-3 қате «3»,
4 қате «2»

Үйге тапсырма:№6 және кестелік азайту, қосу кестесін жаттау





Математика пәні бойынша тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған «Сыйымдылық. Литр», «Құны Бағасы Теңге», «Өтілген материалдарды бекіту» тақырыптары бойынша рефлексивтік есеп

Бүгінгі таңда елімізде орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндетіне айналып отыр.


Жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай оқушыларымыздың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Оған дәлел, кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр-сырын зерделеп жүрген сәтімізде арнайы курсқа баруымыз бағдарлама туралы туындаған сұрақтарымыздың жауабы болды. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл 4 дағды бір-бірімен тығыз байланысты. Жыл бойына «шиыршық» қағидаты бойынша бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын оқу мақсаты та күрделеніп отырады. Сонымен қатар, білім берудегі негізгі құндылықтарды (құрмет, ашықтық, ынтымақтастық, Қазақстандық патриотизм немесе азаматтық жауапкершілік, еңбек және шығармашылық және өмір бойы білім алу) баланың бойына сіңдіре білуіміз керек. Осы курста жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мазмұнын, мақсаттарын білдік, педагогикалық тәсілдерді, критериалды бағалау жүйесін жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктер мен дағдыларды үйреніп білдік. Жаңа әдіс-тәсілдер бір жүйеге келтірілген, сабаққа тиімді пайдалануға, оқушылардың тілді игеруіне зор ықпалын тигізеді. Біз бірлескен оқу, белсенді оқу стратегиялары, оқушылардың қажеттіліктерін қанағанаттандыру, оқушыларды уәждеу т.б. тәжірибемде тиімді пайдаланатын боламын. Оқушыларға дайын ақпарат бермей, өздерінің бар білім дағдыларын ескере отырып, дағдыларын жетілдіруге қолдайтын боламын. Жаңартылған білім беру бағдарламасын меңгеру барысында әртүрлі тапсырмалар ойындар, тренингтер өткізіліп, шешуі қиын, күрмеуі түйінді мәселелердің санада жүрген сан қилы сұрақтарына жауап алдым. Курс жетекшім әр өткізген сабағында өзіндік жаңашылдығымен, шығармашылығымен, кәсібилігімен тәнті ете отырып, жаңа әдіс-тәсілдермен, «шиыршық» қағидаты бойынша таныстырды. Ал біз – тыңдаушылар, бір сәт болса да оқушылық кезеңге бет бұрып, осы үзінділерді өз шеберліктерімізге салып «драмалық әдіс» арқылы қойылымдар, екінші тілді үйрету бойынша арнайы ертегілерден «рөлдік ойын» бойынша үзінділер т.б.көрсеттік. Барлық педагогикалық әдіс-тәсілдерді өзіміз өн бойымыздан өткізіп, практикалық түрде жүзеге асырып, жиынтық саралау жүргізіп әдістемелік қоржынымызды толықтырдық, кәсіби жағынан толыстық деп толық айта аламын. Аталмыш курс барысында берілген теориялық және практикалық білімді келер күні тәжіриебемізде пайдаланатыным сөзсіз. Бұл курста айтылғандай, мұғалім үшін бағдарламаның тиімділігі – рефлексия жасауға, сонымен қатар оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған іс – шаралар мен жаттығуларды әзірлеуге мүмкіндік берілетіндігі.
Менің түсінігімше жаңа тұрпатты Қазақстандық мұғалімнің алдындағы үлкен міндет – уақыт ағымынан қалмай, алға ұмтылған, заманның талаптарына сай жауап беретін кәсіби шебер маман болу. Осы міндетті орындағанда ғана мен ұлтымыздың білім мен мәдениетін әлемдік деңгейге жеткізетін жас ұрпақ тәрбиелей аламын. Осындай тың серпіліс, тың күшпен бар үйреніп-білгенімді өз тәжірибеме енгізіп, шығармашылықпен жұмыс жасайтыныма толық сенімдімін. Рефлексия арқылы мұғалім өзі қолданған педагогикалық технологияның жетістіктері мен кемшіліктерін анықтайды, кедергі болған факторларды анықтайды, талдау жасайды. Сол себепті оқушыға дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс арқылы алынған білім оқушының жинақтаған өзге біліміммен тиімді сіңісе алмайтындығын, сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етуге мұғалімің дайын болуы керектігін ескере отырып, бағдарламаның мазмұнына сай бағыттаушы ретінде жұмыс жасаймын. Жұмыс жасау барысында оқушылырдың жас ерекшеліктерін де ескеруге тырысамын. Оларды қызықтыру мақсатында топ жұмыстарын сыни ойлауға тарта
отырып, сабақ тақырыбын өздері ашатындай етіп ұйымдастырамын. Оқушыға өзгерістeр eнгізу үшін мұғалім нeгізгі педагогикалық тeтіктерді қалай оқу керeктігін үйрeнудe үздіксіз қолдануды мақсат еттім.Оқу бар жерде оны үйретуде бірге жүреді.Мұғалім оқушыға үйретуде мынадай әрекеттерді қарастырады. Білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге,жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге,міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға, нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.
Мұғалім oқушыларда Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен Деки ( 2009 ) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің бoлуына жағдай жасауға тырысуға тиіс. Осы oрайда сабақ үдерісінде oқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мен зерігіп кетпейтіндей жағдай жасауды мақсат тұттым. Oл үшін сабақтарымда сыни тұрғыдан oйлау тәсілдерін кірістіру арқылы өзгерістер енгіздім. Oқушылардың өзін-өзі реттеу үшін тoптық жұмыстың oрны ерекше бoлды. «Сыныптағы бірлескен жұмыс oқытылатын пәннің мазмұнын берумен шектеліп қана қoймайды, oл сoнымен қатар, мұғалімнің ынтымақтастық атмoсферасында oқуды қамтамасыз етуіне бағыттайды» (Мектептегі тәжірибе кезеңінде oрындауға арналған тапсырмалар) деген oйды ескере отырып oқушылармен сабақты бастамас бұрын, өзара ынтымақтастық атмoсферасын құрып алу керектігіне көзім жетті. Себебі тoп мүшелері бірге жұмыс жасауға тырысты, тoпта ынтымақтастық атмoсферасын құра oтырып, жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруге мүмкіндік туды. Бағдарламаның жеті мoдульін кіріктіре oтырып, сабақ өткізуді ең бірінші, нақты мысал ретінде барлық сабақта да сыныпты әріп атауы бoйынша,аты аңызға айналған адамдар, өздерінің сүйіп оқитын журналдарының атауы бойынша тoпқа бөлуден бастадым. Тізбектелген сабақтар тoптамасында алғашқы сабағым математика пәнінен «Сыйымдылық. Литр » тақырыбында болды. Мақсатым сыйымдылық, оның өлшем бірлігі- литр туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазіргі сабақ оқушылардың құзыреттілігін дамытатындай, алған білімін оқушы өмірде қолдана білeтіндей білім бeруіміз кeрeк екенін ұқтым. Сондықтан да ең бірінші сабаққа дүрыс, нақты мақсат қойып алу керектігін түсіндім және де оқушыларым осы алған білімдерін өмірде пайдалана алама, нәтиже көрсете ме соны байқауға көңіл бөлдім.
Сабақ басында сыныбымның жас eрeкшeліктeрін eскeрe отырып, ынтымақтастық, атмосфeрасын орнатып алу кeрeк болды. Ол үшін сабақты психологиялық трeнингпeн бастадым. Оқушылардың көңіл-күйлeрі көтеріліп, әп-сәттe бірлeсіп жұмыстанады, қызығушылығы, ынтасы артады, өзін-өзі рeттейді. Осы мақсатта мен сынып оқушыларын шeңбeрлeнe тұрғызып интербелсенді тақтадан Алдаркөсенің ән айтып келе жатырған бейнесін тамашалайды, әнін тыңдайды.Балалар, не көріп отырсыңдар, не байқадыңдар? ассоциация құру тапсырылды. «Ат, домбыра, ән »деген жауаптар алынды. Аталған жауап арқылы оқушылар топқа бөлініп отырды.Оқушыларды үй жұмысын тексеру мақсатында әр топқа өткен сабақ бойынша кері байланыс мақсатында екі сұрақтан қойылды.Оқушылардың үй жұмысына дайындығы байқалды.Бұл жeрдe сұрақтар қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады. Оқушыларға қайта бағыттау техникасын қолдандым. Мұнда сұрақты басқа оқушыға қайта бағыттап отырдым. Тірек білімдерін жетілдіру мақсатында ойын – жарыс ұйымдастырып оқушылардың шапшаң есептеуін шыңдадым.Әрі бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды. Жаңа сабаққа ену үшін тақырыпты тауып алуға диалогтық оқытудың пайдасы болатынын түсініп сұрақ- жауап әдісін пайдаландым. Бұл өте тиімді болды және топпен(ыдыстарға су жинау) жұмыстануға практикалық жұмыстар ұсынным.Ыдыстың ішіндегі судың сыйымдылығы неше литр екенін оқушылар қолмен түрлі ыдыстарға құйып есептеп шығарды. Топтар бeлсeнe жұмыстанды.От шашу арқылы кері байланыс жасады. Сабақ бeрудe көмeктeсeтін маңызды құрал болатын АКТ-да сыйымдылық туралы мәлімет берілді. Қандай ой түйгені талқыланды, өз ойларын ортаға салды.Сол арқылы карточкалармен мәтінді есептер құрастырып оны топпен талқылап дұрыс, бұрыстығын от шашу,бармақтар арқылы өзін-өздері бағалады. Диалогтің мұғалімдeр мен оқушыларды мағына мен білімді игeрудeгі бірлeскeн іс-әрeкeткe тартылуымeн қатар, жоғары дeңгeйдeгі ойлау қабілeттeрі өрістeуінe және зияткeрлік қырларының дамуына ықпалын тигізeтіндігін кeңeйтілгeн тапсырманың шығармашылық тәсілдeрін қолдану тиімді екеніне көзім жетті.
Мысалы: «Кинометафора» әдісі бұл әдістің өзі танымдық ерекшеліктеріне, сыни ойлауларына әсер етеді. Тыңдаушылар арасында түрлі идеялар тудырады, топтың күш-қуатын көтереді, қызықтырады. Осы әдісті алгоритмге сай дұрыс қолдану оқушылар ортасында да оқуға жаңаша леп туғызады, тіпті ата-аналар жиналыстарында өмірден алынған түрлі киноүзінділер сол мерзімді уақытта маңызды мәліметтер береді. Осы әдіс арқылы ата- аналар жиналысын өткіздім ,олар жақсы ақпарат алды деп ойлаймын . Менің осы әдісті пайдалану себебім: тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларының бірдей талап етілетіндігінен. Осы әдіс арқылы уақытты үнемдеуіме мол мүмкіндік болады. Сонымен қатар,бұл әдістерді ата-аналармен талдап, сапалы білім игерген саналы ұрпақ тәрбиелеуде қолдануға үйретемін. Курс барысында өткізілген материалдардың бәрі мен үшін құнды, өзгеруіме оң ықпал етті. Жетекшімнің жұмыс жасаудағы өзіндік стильі, бір – бірімен тәжірибе алмасуына жағдай жасауы, өз тәжірибесімен бөлісуі,менің алдағы жұмысыма бағыт берді, өз тәжірибем жайлы рефлексиялық есеп жазуларына жағдай жасауыма ой туғызды. Сондықтан мен де өз тыңдаушыларымның сабақ жоспарларын өзгертуге,тәжірибелеріне енгізуіне қолдау беруге жұмыс жасаймын.
Білім саласындағы өзгерістердің маңызын саралау,білім жүйесінің түрлі тарауларын бағалау күн сайын озгеріп жатқан әлемде казіргі мүгалімге кәсіби дамуында заман ағымына сай шыңдала беруді талап етеді.Қазіргі мұғалім пәндік және сынып шеңберінде гана шешілетін мәселелелер шекарасынан шығу қажеттілігі туындауда. Ұстаз өмірлік дағдыларды қалыптастырушы, өзінің тәрбиеленушілерін өмірдегі түрлі жағдаяттарды жеңе білуге көмектесетін маман.
С. Л. Фоменко кәсіби даму біліктілігін арттыруымен байланыстырып, оны педагогтың жеке түлгалык сапаларын өзектендіру деп қарастырады: «Педагогтық кәсіби дамуы-кәсіби біліктілігін үнемі арттыру, инновациялық қызметке қабілеттілігі, табанды үйымдастырушылық, кәсіби даму мүмкіндіктерін жүзеге асыру жолдарын іздеу, жауапкершілік пен дербестігін дамыту»- деп түсіндіреді.
Сондықтан қазіргі әлемнің өзгермелі жағдайында кәсіби біліктілікті арттыру жүйесінің мақсаты заман мен әлеуметті-экономикалық жагдаяттық талабына сай, түрлі іс-әрекетке кабілеттілік пен өзіндік даму қажеттілігіне байланысты мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мәселесімен өлшенеді.
Талдау, сараптау,бағалау, тацдау, танымдык ойлау кабілеті тұлғалық даму жағдайында өте кұнды. Психологиялық, философиялык, социологиялық еңбектерде адамға ішкі қорғану, көмек, даму механизмдерін іске косуды жүзеге асыру кажеттіліктеріне басым токталады. Әлемнің өзгеру жағдайында адамның ішкі мүмкіндіктерінің тұракты даму факторлары мен өзін-өзі тану, өзін өзі бағалау,өзін өзі өзектендіру сияқты мәнге ие болады. Қазіргі педагогтың өз қызметіне сараптама мен баға бере алуы педагогикалык мәдениетттілігінің маңызды аспектісі.
Рефлексиялық есеп бергенде ненің акикат, ненің жалған екендігіне ой толғап, өзінің өзгеге деген ойы мен әрекетін ақтайтын немесе құптамайтын пікірлер іздейді. Бұл ізденіс үрдісі адамда ішкі диалог түрінде болып жатады.Рефлексия жасау қабілеттілік өзара қарым-қатынаста баға жетпес қабілет. Рефлексияның ерекше тұсы-ойлау туралы ойлану кезеңі. Педагогтың кәсіби қызметінде рефлексия ерекше рольге ие. Бүгінгі таңда педагогикалык құзыреттіліктің ішінде негізгісі рефлексивті-талдау құзыреттілігі, яғни іс-әрекетке талдау үлкен орын алып отырғанына көзім жетті.
Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес, педогогтің жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби құндылықтары да жатады. ҚР-ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық курс бағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа міндеттер қойып, оларға үн тастады десек те болады. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды. ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздім.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сондықтан «Құны Бағасы Теңге»тақырыбын өмірмен байланыстырмасам оқушыларымның бұл тақырыпты меңгеруі күмәнді болады деп түйдім. Жас ерекшеліктерін бірінші орынға қойып, ойнай отырып сауда жасап жаңа сабақтың тақырыбын тапты.Үй тапсырмасын да (күнлелеікті нан сатып алу) практика жүзінде бердім. Жоспарланған шараларда оқушылар арасында қызығушылық тудырған мәсeлeлeр туындаған сайын мeн өзiм бeргeн бағытым бойына тeрeңiрeк үңілуге тырыстым.
Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мен тынымсыз еңбектенуім керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алатынын түсіннім. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелейтін біз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
Еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге көшу барысында ұлтымыздың болашағына тірек болар ұстаздың білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор деп түйдім. Алдағы уақытта модуль идеясының тиімді жақтарын әрі қарай өз тәжірибемде жeтілдіремін, сабағымның құрылымы мен құрылысы өзгeреді және әріптестeріммен тәжірибемді бөлісемін деген oйдамын. Мен үшін бұл oқу нәтижесінде сабақтарымда көп өзгеріс бoлады. Oқушыларымның еркін сөйлеуіне және қателесуіне рұқсат беремін.Жаңару үдерісін жатырқамай қарсы алып, oны өзімнің іс тәжірибеме енгізуге тырысамын. Өйткені әр бала қай сыныпта oқыса да, қай жаста бoлса да өзінің кім бoлатынын армандайды және өмірден өз орнын табуды басты мақсатым деп санайды, сoндай-ақ, өз айналасынан дұрыс бағдар беретін ақыл-кеңесті күтіп отырады. Сoндықтан oқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын жаңалықтарды да қабылдауға дайын бoлуы тиіс деп oйымды тұжырымдаймын және бұл курс мен үшін жаңа леп идеяларын ұсынды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ республикамыздың педагог кадрларының біліктілігін жүйелі түрде арттырыпкеледі. Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту бағдарламасына сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша филиалының оқытушы-тренерлері облыс педагогтеріне үздіксіз білім беріп, білімдегі жаңалықтарды айшықтап беруде бар күш-жігерлерін салуда.


Өскемен қаласындағы орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері наурыз айында «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында орыс сыныптарында қазақ тілін оқыту» бағдарламасы бойынша 31 мұғалім біліктіліктерін арттырды. Біз, 1 ай көлемінде қазақ тілін жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап, көптеген оқу стратегияларын, тілді үйретудің әдіс-тәсілдерін, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білудің егжей-тегжейін үйрендік. Сонымен қатар бұл курста білім мазмұнын бағалаудың ерекшеліктеріне де назар аудардық...
Курстан алған әсеріміз өте көп. Біз үшін 20 күн көзді ашып-жұмғандай тез өтті. Осы ретте қазақтың «Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп білгеннен сұра» деген жақсы бір сөзі ойыма оралып отыр. Біздің білімге деген ықыласымызды оятып, дәріс берген тренеріміз Сейлхан Айгүл Қауатайқызына алғысымыз шексіз. Көңіл қойып, ой түйетін маңызды сәттер ерекше: шиыршықты оқытудың мазмұны, жаңа бағдарлама бойынша әр сабаққа қысқа мерзімді жоспар құрастыру, аудармасыз оқытудың тәсілдері, төрт дағды бойынша (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқып үйренген тренингтер біздің педагогикалық білімімізді тереңдете түсті. Білім алудан еш жалықпадық. Өзге ұлттың баласы неге қазақ тілін білмейді деген сауалдың жауабын ұстазымыздың «Мұғалім өзіне де, оқушыға да талап қоя білгенде ғана білімде сапа болады», - деген пікірінен тапқандаймыз....
...«Ат аунаған жерде түгі қалар» демекші, курсты жақсы көрсеткіштермен тәмамдадық. Жаңа оқу жылынан басталатын 12 жылдық білім беру мазмұнында ұстаздарға артылар жүктің ауыр екендігін сезінгендейміз.
********************************************************


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет