Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА



бет19/19
Дата19.06.2022
өлшемі150,63 Kb.
#37064
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА
«ӨРЛЕУ» ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ӨЗІНЕ ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕРДІ ТАБЫСТЫ ОРЫНДАУДА
Нурмухамбетова Н., «№22 ЖОБМ» КММ
Алина А.К., «Приречное ЖОББМ» КММ, Семей қаласы
Білім беруді модернизациялау мектептегі білім берудің мақсатына сәйкес білім беру нәтежиесін жоспарлауды, оны қайта қарап,жаңаша қалыптастыруды талап етеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлттық білім саласына өте жоғары талап қойып отыр. Қазақстан мектептеріндегі білім беру сапасы өте жоғары, бәсекеге қабілетті болу керек. Осы мақсат негізінде Семей қаласында №9 жалпы орта білім беретін мектепте үстіміздегі жылдың 11 сәуірінен 6 мамыр аралығында ағылшын тілі пән мұғалімдерінің жаңа оқу бағдарламасы бойынша біліктіліктерін арттыру курсы болып өтті.
Бұл курстың мақсаты ағылшын тілі пән мұғалімдерін еңгізіліп отырған жаңа бағдарламамен таныстырып, жаңа методикалық әдіс-тәсілдерді үйретіп, тәжірибе алмасу, алдағы уақытта білім саласында болып жатқан өзгерістер, яғни үштілділік білім беру бағдарламасымен таныстыру. Аталмыш курс өз мақсатына жетті. Курс барысында тренер Жаманкулова А.К. барын салды. Айман Кокеевна өте білімді, өз ісінің шебері, өте еңбекқор, сонымен қатар талапшыл ұстаз маман екендігін көрсете білді. Ағылшын тілі пән мұғалімдері жаңалықтармен танысып қана қоймай, тәжірибе жүзінде өзар сабақ үлгілерін көрсетіп, тәжірибе алмасып уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізді.
Біліктіліктерін арттырған ұстаздардың «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына алғыстары шексіз... Қазіргі күні «Өрлеу» ұлттық орталығының филиалы өзіне жүктелген міндеттерді табысты орындап келеді дей аламыз.
Курс ағылшын тілі пән мұғалімдеріне не берді? Курстан күтілген нәтежие қандай? Осы сұрақтарға жауап іздесек, ұстаздардың берер жаубы: бул курстан ағылшын тілі пән мұғалімдері өздеріне қажетті мол рухани байлық ала алды, теория түрінде де,тәжірибе түрінде де өздеріне қажетті өте мол қор жинады деп ойлаймыз. Ұстаздардың курстан күткен нәтежиелеріде осы еді. Мұндай ұстаздардың біліктіліктерін арттыру курстары жиі өткізіліп отырса нұр үстіне нұр болар еді.
Әлемдік білім беру жүйесінің көшінен қалмай, дамудың басым бағыттарын негізге ала отырып, өркениетке аяқ басу білім беру мазмұнына жаңа талаптарды алға тартуда. Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңарулар, ең алдымен, жастардың мәдени, эмоционалдық, зияткерлік, әлеуметтік және рухани жағынан даму мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталуда.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің пән бойынша білімдерін жаңарту бойынша абыройлы еңбек атқарып келеді...
Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жұмыстар аудандарда басталып кетті. 2016 жылдың 29 ақпанынан 26 наурыз аралығында Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласында «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында орыс тілінде оқытатын мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру» курсы ұйымдастырылды. Курс жаңартылған бағдарлама бойынша тренер, ф.ғ.к. Гүльнар Ниғметқызы Зайсанбаеваның жетекшілігімен өтті.
Курстың негізгі мақсаты: қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Шемонаиха ауданының қазақ тілі мұғалімдері жаңартылған бағдарлама бойынша толық ақпарат алып, тіл үйретудің жаңа әдіс-тәсілдерін тәжірибелік тұрғыда меңгеріп, нәтижеге бағытталған сабақтарды жоспарлауды үйренді....
Курс ұстаздарға жаңа леп, тың идеяларды ұсынып, орыс мектептерінде қазақ тілін меңгертудің тиімді жолдарын айқындап берді...
Мұғалімдердің АКТ-ы пайдаланып, іздену сәтінен көрініс
Оқушылардың ерекшеліктері аудиалдар ақпаратты есту мүшесі арқылы қабылдайтынын, визуалдар айналасында жүзеге асып жатқан құбылыстарға терең үңіліп, ақпаратты көздері арқылы қабылдаса, ал кинестетиктер қоршаған ортаны ерекше сезініп, ақпаратты қимыл-қозғалыс арқылы, ал қойылған сұраққа қысқа да, нұсқа жауап беретінін ескерсе білім сапасының артатын түсінді. Үйдің суретін кірпіштен салынғанын визуалдар, ал қасқырдың қулығына қарсы торайдың әрекетіне кинестетиктердің ерекше мән беретінін терең түсініп, дарындыларға тапсырма дайындап және оларды ажыратып, нәтижеге жетті.
Талантты және дарынды балармен жұмыста мұғалімдердің тәжірибе жүзінде білім алуын жетілдірудегі мақсатым, биология пәнінен үлгі ретінде кеңейтілген тапсырма құрастырып, ары қарай өз беттерінше талдау жасату болды. Онда түймедақ гүлінің өмірдегі алатын орнын толық анықтау қажет болды. Мұғалімдер пән бойынша топқа бөлініп, теорияларға сүйеніп, тәжірибе жүзінде өз беттерінше күрделендірілген, кеңейтілген тапсырмаларды дайындады. Мұнда түймедақ гүлінің емдік қасиетін талдап, ол қасиеті барлық адамдарға пайдалы ма? деген проблемалық сұрақтарды талдады. Содан кейін пән бойынша әр топ интернет материалдарын пайдаланып, креативті идеялары бар постерлерді жасады. Мұғалімдер проблема туындатып тіл мамандары «2000 теңге кімге бұйырады?», физиктер дәлелдеу үлгісін көрсететін «Ойлау жылдамдығы», география пәні бойынша «Шығармашылық ойлау» қиындық деңгейі жоғары сұрақтар сияқты әртүрлі тапсырмалар дайындады. Постерді қорғағанда, идеяларын қорытуға келгенде мұғалімдердің ерекшеліктері, бейімділіктері әр түрлі болғанын байқадым. Мұғалімдер күрделендірілген тапсырмаларды дайындағанда оқушылардың жас ерекшеліктеріне де мән берді яғни, өзінің іс-тәжірибесінен дәлелдемелер келтірді. Мұндағы мақсатым, проблема шешкенде бұрынғы білімде білмейтінді анықтау үшін күрделендірілген тапсырмаларды дайындауға дағдыландыру еді. Мұғалімдер осы тапсырмаларды өз постерлерін қорғап, орындай отырып, үнемі өз-өздерін жетілдіріп отырды. «Ересек балалар зейіндерін тиімдірек шоғырландыра алған. Бұл зерттеу біздің селективті зейінімізге еске сақтаудың белсенді сипаты айтарлықтай әсер ететіндігін анықтады. Осындай оқыту нәтижесіндегі қорытынды-тапсырмаларды балалар үшін тартымды, қызықты және оларға сәйкес келетіндей етіп жасау маңызды» (Мұғалімдерге арналған Нұсқаулық, 78 бет).
Мұғалімдерге әр сессияда қолдау көрсетіп, қажетті білімді алғаннан кейін кері байланыс жүргізіп, формативті бағалауды жүзеге асырдым. «Басбармақпен» бағалаған кезде тапсырманың сапалы жерін ажыратып айтты. Байқағаным, кемшілігін тауып, оны сапалы жақсартудың жолдарын айту қиынға соқты. Осы жұмыстың қай жеріне өз үлесіңізді қосар едіңіз дегенде барып, мұғалімдер өзінің түсінігінен туындаған жаңа көзқарастарын айтты. Жақсартудың жолдарын айту үшін, болашақта сыни ойландыратын ауызша дискуссиялар ұйымдастырамын. Мысалы, бастауыш сынып мұғалімдері «Ара мен шыбын» деген тапсырманы түсіндіріп жатқанда, шыбын ара сияқты еңбекқор болуы үшін қалай өзгеруі, не істеуі керек? деп проблемалық сұрақты қойып, пікірталас ұйымдастырамын деді. Біз олардың ойлауларына жетелеу үшін қолдан келгеннің барлығын жасауымыз керек. Бұл айтылған сөз көптеген мұғалімдерге тың ой салды. Формативті бағалауда ең тиімді тәсілдердің бірі - табыс критерийін мұғалімдермен бірігіп құру. Жақында эксперттің жоғары деңгейдегі тәжірибесі маған көп көмегін тигізді. Мен бағалаудың ара жігін өте анық ажыратып алдым. Тағы да мен табыс критерийін барлық топтан жалпы сұрап, олардың айтқанын өзім тақтаға жазатын едім, енді өз ісінің маманы, шебер эксперттің тәжірибелік көмегінің арқасында мен енді бір топқа «жоғарғы деңгей», екінші топқа «орташа деңгей» балының т.с.с. критерийлерін құрастырғызып, талдау кезінде стандартқа сәйкес келсе бірден тақтаға іле беремін. Маған бұл идея өте ұнады, қажетті көмек бергені үшін шексіз алғысымды білдіремін. Әрбір мұғалімнің қалай жұмыс жасағанын анықтауға, жақсартатын жағын айтуға келгенде көпшілігі қиналады. Мұнда себебі, басты сұрақ қалай жұмыс жасап, оқу мазмұнын қандай дәрежеде игергенін бағалау қажет. Сол себепті өздерінің қалай дамығанын білуі үшін оларға бірін-бірі бағалау жұмысын тапсыру орынды деп ойлаймын. Төрт сессияда да жұмысты орындау барысында табыс критерийі бойынша бағалау қажет екен деген тұжырым жасадым. Оқыту үдерісін мақтауға ерекше мән бергенде мұғалімдердің тапсырмаларды орындау қабілеттеріне деген үлкен сенімі артады.
Сабақ жайлы ой-толғанысымды қорытындыласам, болашақта қажетті кері байланысты алу үшін нақтылайтын сұрақтарды көбірек қамтимын. Дарынды балаларды оқыту адам капиталын дамытудың құралы.
иалог –екі адамн ың сөйлесуі ,пікір алмасуда жүзеге асатын іс-әрекеті.
Біз үшін бұл тақырып таныс, бірақ біз білмейтін қырлары болуы мүмкін бе?Неге?
Диалог түрлерін өз тәжірибемізде қолданып жүрміз,яғни сабақ барысында оқушылармен диалог әдісін қолданамыз.кей сәттерде диалогтік оқыту ұтымды шығып,оқушылар ұтымды әрі нақты жауаптар беріп отырады.
Диалог туралы менде жалпы түсінік болғанымен,бүгінгі сабақтан өзіме қандай қосымша ақпараттар алдым және қалай қолдануға болады деген ой туды?
Топ болып жұмыс жасау барысында біз жеке,жұп және топ болып өз көзқарастарымызды ортаға салып пікірлестік.
Диалогтік оқыту маған неге ұнауы керек?Диалогтік оқудың маған ұнаған қыры: әр топ мүшесі өз көзқарасын білдіріп,өзін еркін сезініп ,өзгені тыңдап сөйлеу әрекетіне түседі.
Бұл әдіс қандай мақсатқа жетелейді және қандай ерекшелігі бар?
Ең бірінші ,топта мүшелер өз көзқарастарын білдіріп дәлелдей алады және тіл дамыту жұмыстары жүзеге асады.
Қандай тың ойлар мен сараптамалар маған ерекше әсер етіп есімде қалды?
Мерсердің әңгіменің 3 түрін ажыратып сипаттама беруі,құрдастар тобындағы оқудың өте сәтті шығатыны және бұл дәлелдемелерді өз тәжірибемде ұтымды қолдану қажет деп ой шештім. Ол үшін мен диаолгті оқуда қандай поблемалар кездесуі мүмкін және оны шешу жолдарын қарастырдым. Өз жұмысымның сәтті болуы үшін метатану стратегияларын құрдым.
Менің ойымша,Диалогтік оқуда кездесуі мүмкін кедергілер: сынып оқушыларының шулауы,оқушылардың өз ойын толық жеткізе алмауы,қисынсыз сұрақтардың қойылуы.Бұл кедергілерден шығу әдіс тәсілерді іздеп ,орынды қолдану қажет деген ой түйдім.Ол үшін оқушылармен тең дәрежеде өзімді ұстауға оқушыны және өзімді бейімдеп әрі өзіндік реттеу жасап ,бағалау,тапсырма беру ,рөл бөліп беру арқылы кедергілерді шешіп мақсатқа қол жеткізуге болады.
Мектептегі тәжірибе кезінде «Мектептің даму жоспарын» жасау барысында «диалогтік оқыту » әдісін қолданамын деп тұжырымдап отырмын.. Мектептің даму жоспарын жасау барысында Мерсер сипаттаған Әңгіменің үш түрінде қолданып,салыстырып,нәтижеге бақылау жасау арқылы мониторинг жасап, қандай өзгеріс енгізуге болатынын зерттеушілік әңгімеде,зерттеу барысында анықталып менің мектебіме тиімді нәтиже береді деп сараптаймын.
Мұғалім болашақты болжайды дегендей,теориялық тұрғыдан меңгерген әдіс-тәсілдерді қолдану барысында саламатты келешек қалыптастыру мақсаты көшбасшыны қалыптастыру жолындағы іс-әрекетімізді айғақтай түседі
Жөлекеш Мирамкүл Жеткербайқызы . Бірінші деңгей .3-топ
Қызылорда қаласы.
Педагогикалық шеберлік орталығы
Рефлексия
Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінде бағалаудың екі түрі де қолданылып жүр.Критериалды бағалау екіге жіктеледі. Біріншісі: жиынтық және қалыптастырушы.Жиынтық бағалауды оқыту үшін бағалау,қалыптастырушы бағалауды оқу үшін бағалау деп атайды.
«Бағалау » термині латын тілінен аударғанда «жақын отыру »деген мағынаны білдіреді. Ғалымдар тарапынан,бағалаудың араларындағы айырмашылықтар 1960 жылдардан бастап зерделеніп,мәні нақты анықталуда.
Біз бүгін жаңа не білдік?
Бағалау оқушыға шынайы әрі нақты қойылу қажет. Егер баға белгілі бір дискрипторларға сүйенбей қойылса , үлкен дау жәнеоқушылардың ынта мен қызығушылықтарының төмендеуіне әкеліп соғатыны бүгінгі топтық жұмыс барысында байқалды.
Топтарға берілген Тапсырма: «Топ болып Алма ағашын жасау.» Алма ағашын топ болып бірігіп жасадық,бірақ біз дайындаған алма ағашының макетіне сараптаушы топ «3»деген бағаға лайық деп санады.Біз жасаған «Алма ағашына» төменгі баға қойылғаны бізге эмоциональды түрде ерекше әсер қалдырды. Бағалау үдерісі кезіндегі өз тәжірибемізде болған жағдай маған ерекше әсер етті?
Не себепті? Себебі: Бала жұмысын ,іс-әрекетін,шығармашылығын бағалауда ең тиімдісі: өзара бағалау екенін түсіндім.
Зерттеулерге сүйенсем өзара бағалаудың нақты 3 критерийлері бар:
1.Не тексерілу керек екенін түсіну қажет
2.Оқушыларға өзінің жұмыстарын қайта қарауға мүмкіндік беру.
3.Өз жұмыстарын жақсарту үшін не істеу керектігін анықтауға көмектесу.
Осы жерде Қайта қарауға мүмкіндік беру «бес»балдық бағалауды қоймастан бұрын жүргізілсе оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы басылмас еді деп ой түйдім.
Біз үшін орын алған бүгінгі қиындық біздің алдағы уақытта сынып оқушыларымызбен өзара байланыста кездесуі мүмкін проблемаларды қалай шешуге болатынын нақты ұғындырды.
Сараптаушының немесе топ жұмысының талапқа сай болмауы мектеп тәжірибесінде орын алатын шынайы құбылыстар. Мен сараптаушының осылай төменгі деңгей қойып бағалағанына бір жағынан қуандым. Себебі: кез келген адамның қателігі болуы шынайы дүние .Біз де дәл осындай шынайы дүниені өз бойымыздан топ болып сезіндік . бірақ біз бір нәрседен ұттық деп ойлаймын . Бұлай ойлауыма не себеп?
Оқушы бойларынан өтетін сезімдерді біз нақты түсініп оны түсінуге сенімін арттыруға қалай жұмыс жасау керектігін ,қандай әдіс-тәсілдерді қолдануға болатынын пайым жасадық .Дәл осылай жағдай сыныптағы топтарда болса біз бұл кедергілерді жою амалдарын қолдану дағдыларын меңгердік деп айта аламын. Яғни, сыни ойлау,өз-өзін реттеу,мұғалім тарапынан жеткілікті дәрежеде қолдау көрсету,қателермен жұмыс жасау үшін уақыт бөлу қажет екенін үйрендік.
Циммерман өзін- өзі бағалауды «өзінің оқу үдерісінде оқушылардың метатанымдық, ынталандырушылық және мінез-құлықтық белсенділігі» ретінде сипаттайды.
Не түйдім ,нені меңгеріп қалай өзгердім?
Қателіктер жасалуы мүмкін. Оқыту үрдісінде барлығымыз да қате жібереміз.Қателіктен сабақ алып ,сындарлы ойлап,өз-өзімізді рететсек өз-өзімізге деген сеніміміз нығая түседі,ағаттықтарды жою үшін не істеуге болатынын білу дағдысы бойымызда қалыптасты және дағдыларды табысты қолдана аламыз деп ой түйдім.
Рефлексивті есептерді жазу
және таныстырылым сөздерін
дайындау бойынша
әдістемелік ұсыныстар
Семей, 2013
УДК 37.0
ББК 74.00
Х 86
Рецензент:
к.п.н., профессор Мукушев Б.А.
Хохотва О.И.
Қазақшаға аударғандар: Мирашева К.К., Семей қаласындағы ПШО филиалының
аға менеджері, тренер., Адильжанова Д.А. Семей қаласындағы ПШО филиалының
менеджері, тренер.
Х 86 «Рефлективті есептерді жазу және таныстырылым сөздерін дайындау бой
-
ынша әдістемелік ұсыныстар»
/Дизайн: Журбенко А.П.
- Семей. – 2013. – 39 с.
ISBN 978-601-248-406-9
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы
мен Кембридж Университеті білім беру Факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан
Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының деңгейлік
бағдарламасы аясындағы үшінші (базалық) деңгейдегі педагог қызметкерлеріне
арналған ұсыныстар.
Әдістемелік ұсыныстар деңгейлік бағдарлама аясындағы мектептегі тәжірибе
кезеңінің қорытындысы бойынша курс тыңдаушыларына рефлексивтік есептермен
таныстырылымдарды дайындауға көмектеседі.
УДК 37.0
ББК 74.00
ISBN 978-601-248-406-9
© Хохотва О.И., 2013.
МазМұны
Алғысөз ................................................................................................................ 4
Рефлексивті есептерді жазу бойынша ұсыныстар ........................................... 6
Таныстырылым сөздерін дайындау бойынша ұсыныстар ................................. 27
Қорытынды ................................................................................................... 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................. 34
16
17
Мұғалім мен оқушыны
оқытудың аса көп сенім-
ді дәлелдері бар.
Сенімді болып білім беру міндеттерін іске асыру-
ды растайтын дәлелдер саналады.
Мысалы,
В
әріптестің
есебінде мынадай
фразаларды кезіктіруге болады: «...Сабақтың
соңында оқушылар углевод пен майлардың функ-
цияларын, құрамын және классификациясын
білді. ...Ынтасы төмен оқушылардың сабаққа де-
ген қызығушылығы артты, ішкі уәж пайда бол-
ды». Осымен мұғалім оқушыларды оқытудың
нәтижелері туралы өз пікірін аяқтайды. Мұндай
тұжырымдар сенімді ме? Маған, тренер, үшін
мұндай жалпы фразалар ешқандай мағына
бермейді. Есептен мұғалім оқушылардың «угле-
вод пен майлардың функцияларын, құрамын және
классификациясын» білгенінің бірде-бір дәлелін
таппадым. Тренерді сендіру үшін мұғалім не
істеу керек еді? Мұғалім сұрағына оқушылардың
жазбаша берген жауаптары сенімді болатын еді.
Формативті бағалаудан кейін менің әріптесім
есепке түзетулер енгізгіні мені қуантты.
Жақсы
Рефлексия
Тренердің түсініктемесі
Есеп аналитикалық си-
патта жазылған
Мұғалім жағдайды талдайды, бірақ оны
сүреттемейді.
А
әріптетің
есебінде мынадай мысал
кездестіруге болады; Мен келесі сабақта олар-
ды (оқушыларды) жақсы оқитын оқушылармен
жұпта отырғызуды шештім. Ондағы мақсатым:
алдымен жақсы оқитын оқушы теңдеуді шешу жо-
лын түсіндіреді, нашар оқитын тыңдайды, содан
кейін нашар оқитын түсіндіреді, ал жақсы оқитын
тыңдайды. Өзара оқыту үрдісінде нашар оқушы
жетіледі деп ойлаймын, өйткені «Оқушылар
өздерінің құрдастарымен диалог жүргізу бары
-
сында тәжірибе жинақтап, ой әрекетінің жоғары
деңгейіне көтеріледі» (Нұсқаулық,155 б).
Менің ойымша, осы мысал мұғалімнің сыныптағы
жағдайды талдап, проблеманы анықтағанын,
оны шешудің жолдарын белгілеп, күтілетін
нәтижелерді болжай білгенін көрсетеді.
Неліктен бір нәрсе бол-
ды/болмады? деген сұ-
рақтарға жауап беріл-
гені байқалады.
Мұғалім берілген сұрақтарға қатысты өз пікірін
білдіреді және пікірін теориялық білімімен,
тәжірибе кезіндегі мысалдармен нығайтады.
Жұмыстың тұжырым-
дамалары мен қорытын-
дысы бар.
Жұмыс соңындағы тұжырым мен қорытындылар
есеп тақырыбымен ара қатынаста жасалған.
Автордың пікірі айқын
көрсетілген.
Есеп мұғалімнің ондағы қозғалған сұраққа
қатысты ұстанымы анық екенін көрсетеді.
Ойланыңыз, келесі мысал
С әріптестің
дарынды
бала
туралы түсінігінің тұспалдауын келтіре ме?
«Менің ойымша, дарынды бала – ол арнайы
мамандырылған мектепте оқып, тәрбиеленіп,
аса корнекті қабілеттерге ғана ие болмай, жалпы
білім беретін мектепте оқып жүріп оқуда жоғары
көрсеткіштерге жету мүмкіндіктеріне ие болатын
дарынды бала».
Мен үшін, берілген тұжырымдама мұғалімнің
өз сыныбындағы оқушыға қатысты позициясы,
яғни,
С
әріптес
оқуда жоғары көрсеткіштерге
жететін әрбір оқушыны дарынды деп санайды.
Жұмыста мұнан былай-
ғы іс-әрекет жолдары
белгіленген.
Автор есепте қозғалған сұраққа қатысты
болашаққа жоспарлар белгілеген.
В
әріптестің
жоспары жайында ойланайық:
«Менің қателігім оқушыларға орындайтын тап-
сырмаларды жете түсіндірмегенім, сондықтан
екінші топ тапсырманы толық орындамады.
Болашақта міндетті түрде осыны ескеремін, сон-
да сабақ одан да табысты өтеді деп ойлаймын».
Сіздерге болашақта осындай жағдайды болдыр-
мау үшін мұғалім нақты не істейтіні түсінікті ме?
Маған, оқырман ретінде, мұғалім проблема-
ны анықтағаны анық – «жете түсіндірмедім».
Бірақ «Болашақта не істеймін?» деген сұраққа
«Міндетті түрде ескеремін» деп жауап береді.
«Ескеремін» деген сөздің тұспалдауы не? Сабақ
табысты болу үшін нақты не істелінеді?
Осы жерде проблеманы шешу үшін мұғалім
нақтылы стратегияларды көрсету керек деп ой-
лаймын. Мысалы, әрбір оқушыға тапсырманы
орындауға арналған нұсқаулық таратып беремін
немесе тапсырманы бір минут ішінде бірлесіп
талқылауды ұсынамын, т.с.с.
18
19
«Мектептегі тәжірибе» тапсырмасы бойынша бірлескен таныстырылым
есебіне ұсыныстар
Берілген есепке дайындалу барысында келесі
ұсыныстарға
назар аударуыңызды
сұраймын:
• Есептің тақырыбын жазыңыз. Портфолио мазмұнындағы есептердің
тақырыптарына назар аударыңыз
(«Мектептегі тәжірибе кезіндегі орындауға
арналған тапсырмалар»).
• Келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіз: Неліктен мен есеп жазуда дәл осы
топтық таныстырылымға қатысуымды таңдадым? Тапсырманы талқылау
барысында идеяны іске асыру неліктен маңызды деп санаймын? Алдындағы
екі сұраққа жауап беруде өз көзқарасымды дәлелдей алдым ба?
• Тапсырма сұрақтарын талқылау барысында әріптестеріме
ӨзІМнІҢ
қандай
идеяларымды жеткізгім келді? Неліктен осы идеяларды? Мен қандай
мақсаттарды көздедім? Менің айтқан пікірлерімнен әріптестер не білгенін
қалай білдім?
• Талқылау барысында қандай әдебиеттерді келтірдім? Неліктен дәл осы
әдебиеттерге таңдау жасадым? Пайдасы болды ма?
• Тапсырмаларды орындау барысында менің және әріптестерімнің әр-түрлі
идеяларға қатысты реакциясы қандай болды? Қандай сұрақтар талқыланды?
• Топта кім спикер болды? Неліктен?
• Менің әріптестерімнің сезімдері қандай болды? Қандай комментарийлер
жасалды? Әріптестер қандай жағымды жақтарды атады? Қандай тілектер
болды? Қандай сұрақтар болды? Тренер қандай түсініктемелер берді?
Қандай сұрақтар қойды? Онымен келістім бе? Неге? Кері байланыс пайда-
лы болды ма? Неге?
• Қорытынды жасаңыз: жұмыс барысында сіз не үйрендіңіз?
• Сіздің есебіңіз үш критерийге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз: білу/түсіну,
қолдану, талдау (рефлексия).
Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс қалай енгізгені бойынша
есепке ұсыныстар
Осы есеп төңірегінде жұмыс істеу барысында тренер мен курс тыңдаушыларының
пікірлерінен
ескеруге қажет
келесі
ұсыныстар
пайда болды:
• Ойланыңыз, өзгерістер қандай деңгейде болды: сіз өзіңіз өзгердіңіз бе?
Неге және қалай? Сіздің оқытудағы тәсілдеріңіз өзгерді ме? Қалай және
неге? Сіздің оқушыларыңыз өзгерді ме? Қалай және неліктен? Олардың
ата-аналарының қатынасы өзгерді ме? Мектеп деңгейінде қандай да бір
өзгерістер енгіздіңіз бе? Мүмкін өзгерістер мектептен тыс жерлерге шықты
ма?
• Есептерді жазған кезде, көмек тигізетін, кластер жасап алуды ұсынамын.
(1 сурет)
Өзгеріс жөнінде ойлану
Деңгейлер
Оқушылар
Мұғалім
Мектеп
Не өзгерді?
Қалай өзгерді?
Неге өзгерді?
Болған өзге-
рістердің қандай
дәлелдемелері
бар?
Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда Бағдарламаның бір модулін
қалай енгізгені туралы есепке ұсыныстар
Бұл есепті жазғанда келесі сұрақтарға жауап беру сізге көмегін тигізуі
мүмкін
:
• Мен осы модульді неліктен таңдадым? Осы модуль идеяларын іске асыру
неге маңызды деп санаймын? Алдыңғы екі сұраққа жауап беруде мен өз
көзқарасымды дәлелдей алдым ба?
• Осы модульді оқытуда күтілетін нәтижелер қандай? Өзімнің практикалық
тәжірибемде алған білімдерді қалай қолданамын?
• Осы модуль идеяларына қатысты қандай әдебиеттерге талдау жасал-
ды? Өзімнің есебімде осы әдебиеттерге сілтеме жасадым ба? Сілтеме
мөлшері сенімді ме? (Нұсқаулыққа сілтемелер, сонымен қоса қосымша да
әдебиеттерді пайдалануға болады).
• Осы модуль идеяларына қатысты тәжірибеден мысалдар келтірілді ме? Не
жақсы болғаны атап өтілді ме? Не дұрыс болмағаны талданды ма? Қандай
да бір қиындықтар болды ма? Неліктен? Келешекте осы қиындықтарды
қалай жеңемін?
• Модульдің теориялық идеялары есепте келтірілген практикалық мысалдар-
мен байланысты ма?
• Берілген модуль шеңберіне қатысты келешекте қандай жұмыстар жоспарла-
нуда? Өз тәжірибемде нені жетілдіргім келеді?
• Берілген модуль идеяларына қатысты өзімнің оқыту мен тәжірибелік прак-
тикамда қандай қорытындыларға келдім?
20
21
Сабақтар топтамасының бір сабағы бойынша есебіне ұсыныстар
Берілген есепті жазғанда келесі
ұсыныстарға
назар аударыңыздар:
• Еесптің тақырыбын жазыңыз. Портфолио мазмұнындағы есептердің
тақырыптарына назар аударыңыз
(«Мектептегі тәжірибе кезіндегі орындауға
арналған тапсырмалар»).
• Ойланыңыз, сыныпты, оқушылардың санын, жас мөлшерін және сабақтың
ұзақтығын көрсету кере пе?
• Өз есебіңізді рапорт емес, өзгеше шығармаға түрлендіруге тырысыңыз.
(Есептің басында дәстүрлі; тақырып, мақсаты, құралдар, т.с.с сөздерден
аУЛаҚ БОЛыҢыз
). Мағынасы болатын мәтінге айналдырыңыз. Мүмкін
сізге мынадай сұрақтар көмектесер: Неліктен осындай мақсат қойылды?
Неліктен осы құралдар таңдалды?
• Ойланыңыз,
Сіздің ойыңызша
сабақта ең маңызды
не
? Неліктен? Өз
есебіңізде ол туралы айтасыз ба?
• Ойланыңыз, сіз сабақтың нәтижесі туралы айта аласыз ба? Қойылған
мақсаттар мен міндеттерге жеттіңіз бе? Жеткеніңізді қалай түсіндіңіз?
Қандай дәлелдемелер бар? Нақты ма? Нәтижелер қойылған мақсаттарға сай
ма?
• Ойланыңыз, сабақтың мақсаттары мен міндеттері SMART –қа сәйкес келе
ме, яғни өткізген сабақта анық, өлшенетін, қол жетімді болы ма?
• Сұрақтарға жауап беріңіз: неге? сіз бір нәрсе істегенннен кейін не бол-
ды? қандай өзгерістер болды? неліктен дәл осылай болды (болмады)? бұл
өзгерістерге сіз қалай қарадыңыз? неге дәл солай қарадыңыз? келесі кезеңге
не жоспарладыңыз?
• Есепте
талдау
мен
бағалау
қамтылу керек, яғни әлдебір жағдайға қатысты
сіздің
өз пікіріңіз
. Сіздің есебіңізде мынадай сөздердің көп болғанына көз
жеткізіңіз: мен ойлаймын, өйткені .., менің пікірімше, менің болжауымша,
мүмкін, демек, сондықтан, т.с.с...
Қарапайым
тілмен жазуға
ҚОРыҚПаҢыз
!!!!
• Барлығын тәптіштеп жазуға
ҚОРыҚПаҢыз
!!!!
• Өзіңіздің қателеріңіз туралы жазуға
ҚОРыҚПаҢыз
!!!! Керісінше оларды
көріп, сезінетініңізді, оларды қалай жеңе білетіңізді көрсетіңіз
• ПЛаГИа
Т
заң бойынша құдалатынын есте сақтаңыз!!!
Берілген ұсыныстар мен түсініктемелер сіздерге рефлексивтік есептерді жазуға
көмегін тигізеді деп, ал әріптестерімнің есептерінен келтірілген мысалдар сіздердің
өз ойларыңызды дамытуға ықпал етеді деп сенемін.
Сәттілік тілеймін!
ТаныСТыРыЛыМ СӨз
ДЕРІн ДаЙынДа
У БОЙынШа
ұСыныСТ
аР
Келесі
ұсыныстар тыңдаушыларға көмектесуі мүмкін:

деңгейлік Бағдарлама мәнмәтініндегі таныстырылым не екенін түсіну;

таныстырылымды көрсетуге сапалы дайындалу;

тренер
мен
курс
тыңдаушылары
бірлесіп
құрған
таныстырылымға
жасаған бағалау критерийлерімен танысу;
Казахстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
курстарының Бағдарламасына сәйкес (Мұғалімге арналған Нұсқаулық, 98-бет)
үшінші деңгейлі курс тыңдаушылары бағалау рәсімінен өту үшін келесі таныстыры
-
лымдар дайындау қажет:
Папка атауы
Таныстырылым атауы
Таныстырылым
-
дар
1)
Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімдік
жоспарының таныстырылымы
2)
Тізбектелген сабақтар топтамасына модульдер қалай
және неліктен ықпалдастырылғаны туралы таныстыры-
лым (таныстырылымдағы модуль тақырыбы есептегі мо-
дуль тақырыбынан өзгеше болу керек)
3)
Бір сабақ бойынша толық рефлексия
4)
Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс қалай енгізгені және
басқарылғаны туралы рефлексивтік есеп
Үшінші (базалық) деңгей Бағдарламасы аясында тыңдаушылармен жұмыс істеу
барысында таныстырылым сөздерін формативті және жиынтық бағалау мүмкіндігі
болды. Соның нәтижесінде мынадай қорытындыға келдім.
Мұғалімдер таныстырылымға сөздерін дайындағанда келесі қателіктерді
жіберуге бейім:
1. мұғалімдер өз тәжірибесін талдауға емес, сүреттеуге бейім, яғни бір нәрсенің
ҚАЛАЙ өткенін көп айтып, НЕЛІКТЕН болды деген сұраққа жауап бермейді;
2. мұғалімдер тапсырма талаптарынан басқа таныстырылым жасайды;
3. мұғалімдер таныстырылым тақырыбына қатысты емес өзге нәрсені айтады;
4. мұғалімдер түсініксіз сөйлейді, бір тақырыптан басқаға ауысады;
5. мұғалімдер жалпы, нақты емес, бұлдыр сөйлемдерді пайдаланады, яғни
мағынасыз сөйлейді;
6. мұғалімдер оқыту нәтижелерінің релеванттық және валидтік дәлелдемелерін
келтірмейді;
7. мұғалімдер таныстырылымда сөйлейтін сөздерін жазбаша дайындамайды;
8. мұғалімдер берілген уақытқа төселмеген;
9. мұғалімдер басқа нәрсе айтып қоямын деп қорқады, өз білімдеріне
сенбеушілік танытады;
10. мұғалімдер ақырын, сенімсіз сөйлейді;
11. мұғалімдер аудиторияны игере алмайды.
22
23
«Таныстырылым» дегенді мен былай тұсінемін. Ол- Microsoft Power Point
бағдарламасының көмегімен жасалған таныстырылым слайдтары мен сөйлеушінің
сөзі. Менің ойымша, таныстырылымға дайындықты сөйлейтін сөзден бастау ке-
рек. Өйткені бәріміз бірдей өзімізді «тиімді спикерлерге» жатқыза алмаймыз. Бірақ,
сөйлеуге дайындалуда, қарапайым ережелерді сақтау және жүйелі түрде жаттығу
жүргізу, сіздің «ең үздік спикерге» айналуыңызға мүмкіндік тұғызады!
Соған байланысты таныстырылымды дайындау мен оны қорғауға бірнеше
ұсыныс беремін. Бұл ұсыныстар үшінші (базалық) деңгейлі курс тыңдаушыларымен
бірлесіп, сонымен қоса психологтар Стив Аллен (1988) « сөзді қалай дайындау ке-
рек» [3] мен Джоан Детц (2002) және олардың «Как написать речь и выступить» и
«Как написать речь и выступить?» [4] атты еңбектері негізінде жасалған. Олар келесі
сұрақтарға жауаптарды қамтиды:
• Тиімді сөйлеуді қалай дайындау керек?
• Таныстырылым слайдтарын жасау барысында нені ескеру қажет?
• Сөйлегенде өзіңді қалай ұстау керек?
Тиімді сөз сөйлеуді қалай дайындауға болады?
Төменде келтірілген кестеден есеп пен таныстырылым тақырыптары көп ретте
ұқсайтыны көрініп тұр. Сондықтан, рефлексивтік есепті негіз ретінде алып таны-
стырылым жасағанда пайдалануға болады.
Еесптің атауы
Таныстырылымның атауы
А – Тізбектелген сабақтар топтамасын жо-
спарлауда бір модульді қолданғаны туралы
рефлексия
Тізбектелген сабақтар топтамасына бір
модульді қалай ықпалдастырғаны туралы
таныстырылым.
(таныстырылымдағы модуль тақырыбы
есептегі модуль тақырыбынан басқа болу
тиіс)
В1- Орта мерзімді жоспарлау туралы жазба
-
лар
Тізбектелген сабақтар топтамасының орта
мерзімдік жоспарының таныстырылымы.
В2 – Топтаманың бір сабағы бойынша есеп
Бір сабақтың рефлексиясы
В3 - «Мектептегі тәжірибе» тапсырмасы
бойынша бірлескен таныстырылым рефлек-
сиясы
С – Өзінің оқыту мен сабақ беру тәжірибесіне
өзгерістер енгізу туралы рефлексивтік есеп
Рефлексия того, что и как Вы изменили в
своей школьной практике учителя и как Вы
управляли этими процессами
Таныстырылымда жасайтын сөздерді дайындағанда бәлкім
Сізге
тренердің
келесі
кеңестері
көмектесетін болар:
• Ойлаңыз, сіздің сөзіңіздің негізгі мақсаты не? Аудиторияға қандай түйінді
идеяны жеткізгіңіз келеді?
• Таныстырылым тақырыбын ойда ұстаныңыз. Не айтатыныңызды
нақты анықтап алыңыз. «Бос», «дәмсіз» сөз сіздің таныстырылымға
дайындалмағаныңыз жөнінде әсер қалтырады
• Өз сөзіңізді бастан аяқ жазып шығыңыз. Қайта оқыңыз. Басқа мұғалімге
оқуға беріңіз. Оған сұрақтар қойғызып, өз пікірін айтуды сұраңыз. Уақытты
белгілеп, регламентке жататыңызға көз жеткізіңіз. .
• Сөйлейтін сөзіңіздің басы, негізгі бөлім және қорытындыдан тұратынына
көз жеткізіңіз.
• Өзіңізге ойларыңызды жинақтауға көмектесетін түйінді сөздер жазылған
карточкалар дайындаңыз.
• Қажет болса аудиторияға тәжірибе кезіндегі жинақтаған дәлелдемелерді
көрнекті түрде көрсету үшін таратпа материалдар дайындаңыз.
• Өз таныстырылымыңызды видеоға түсіріп көріңіз. Оны қарап отырып
сөздерге, тембр, дауыс, қимылдарға назар аударыңыз.
• Алдын ала аудитория қояды-ау деген сұрақтарды болжаңыз. Ойланыңыз:
оларға сеніммен жауап бере аласыз ба?
Таныстырылым слайдтарын дайындағанда нені ескеру қажет?
• Слайдтарда мәтін мен ұзын фразалардан аулақ болыңыз. Ұзақ сөйлемдердің
орнына түйінді сөздер мен қысқа фразаларды пайдалануға тырысыңыз.
Көлемді мәтіннің орнына ойларыңызды жинақтайтын символдар мен
сүреттерді пайдаланыңыз.
• Мәтінді пайдаланатын болсаңыз, аудитория көре алатындай шрифті
таңдаңыз. Ауызша айтатын сөздерді слайдқа түсірмеңіз.
• Аудиторияның жарықтығын ескеріңіз, тым «әсерлі» слайдтар дайындамаңыз.
• Анимацияны оңтайлы пайдаланыңыз, әйтпесе негізгі тақырыптан ауытқу
қауіпі туады.
• Видео пайдаланғанда алдын-ала видео фрагменттердің жүктелуіне көз
жеткізіңіз. Өйткені аяқ астынан техникалық ақаулардың пайда болуы
таныстырылымға кері әсерін тигізеді.
• Таныстырылымға бір күн қалғанда компьютерге СОҢҒЫ НҰСҚАНЫ жа-
зып қойыңыз.
• Слайдтар санын талапқа сай сақтаңыз.
Меніңше, PowerPoint таныстырылым слайдтары мұғалімнің мектепте
тәжірибеден өткенін көрнекі түрде көрсету үшін қажет. Сондықтан слайдтарда түрлі
әдістер мен стратегияларды пайдаланғаны және олардың нәтижелілігін көрсететін
салмақты дәлелдемелері қамтылу керек.
Тыңдаушыларға, көмек ретінде, критерийлері бар рубрикатор құрастырылды,
олар «дәлелдемелер» мен Кембрижд университетінің Емтихан кеңесі ұсынған
лейблер. Тыңдаушыларға таныстырылымда келтірген салмақты дәлелдемелерді
өздігінен бағалау үшін, әр лейблге дескриптор жазылды.
Келтірілген рубрикатор сіздерге өз дәлелдемелеріңіздің қоры туралы ойлануға
көмек береді деп ойлаймын.
24
25
Дәлелдемелер
Тренердің түсініктемесі
Жақсы
Мұғалім мектепте тәжірибе өту барысында оқушылардың
жұмысы, фото және видео материалдарды сенімді дәлелдер ретінде
қамтығанын көрсетеді.
Дәлелдемелер мұғалімнің таныстырылым кезінде сөйлеген сөзімен
логикалық байланысты.
Дәлелдемелер мұғалім мен оқушыларды оқытуының нәтижелері
туралы айтуға мүмкіндік береді.
Көбінесе, таныстырылымда мұғалімдер «Сабақ соңында оқушылар
«Менің өлкем» тақырыбында шығарма жазды» деп, дәлелдеме
ретінде оқушылардың жазып отырған фотоларын ұсынатынын
байқадым. Мұндай сүрет шынында олар шығарма жазғанын
түсіндіре ме?
Меніңше, бұл жағдайда, шығармалардың өзін, оған арналған
бағалау критерийлерін, тексергеннен кейінгі мұғалімнің түсінік-
темелерін дәлелдеме ретінде ұсыну әлдеқайда сенімді болар еді.
Қанағат-
тандырылған
Мұғалім Бағдарламаның жеті модуль идеяларын қолданғанының
видео, фото материалдарын сенімді дәлел ретінде көрсетеді.
Дәлелдемелер мұғалімнің таныстырылым кезінде сөйлеген сөзімен
логикалық байланысты.
Алайда,оқушылардың сабақта не үйренгені туралы дәлелдері
жеткіліксіз
Шекті
Мұғалім сабақтардың видео, фото материалдарын көрсетеді. Алай-
да, оқушылармен жасаған жұмысының дәлелдері аз не мүлдем
жоқ. Дәлелдемелер мұғалімнің таныстырылым кезінде сөйлеген
сөзімен байланысты.
Өтпеді
Дәлелдемелер жоқ.
Сөйлегенде өзіңді қалай ұстау керек?
• Таныстырылымды бастамас бұрын аудиторияда өзіңізге қолайлы жағдай
жасаңыз: сізге қай жерде тұрған ыңғайлы, аудитория сізге қатысты қалай
орналасатыны жөнінде ойланыңыз
• Жымиыңыз. Жымию кез келген аудиторияны игеруге көмектеседі.
• Ұғымды және асықпай сөйлеңіз. Кейбір мұғалімдер тез сөйлейміз деп
аудиторияға керекті әсер ете алмайды. Сөзіңізді дайындағанда уақытқа
сиятыныңызға көз жеткізіңіз.
• Аудиторияға тура қараңыз. Сөйлегенде, бір секундқа болсын,
тыңдаушылардың әрқайсысына көзіңізді тоқтатыңыз. Көбінесе, мұғалімдер
таныстырылым жасағанда тренерге не бағалау бойынша экспертке қарайды.
Одан сіз әріптестермен өзіңіздің жасаған жұмыстың нәтижелерімен бөлісіп
емес, есеп беріп тұрғандайсыз.
• Аудиториямен өзара әрекет жасауға тырысыңыз. Мүмкін аудиторияны
пікірталасқа тартсаңыз, сіздің сөйлегеніңіз оларға үлкен әсер ететін шығар.
Бірақ, ол көп уақыт алмайтынына көзіңізді жеткізіңіз.
• Сіз бір нәрсені басқаша айтып қоямын деп ойламаңыз. Жоспарланбаған
нәрсені айтып қалғанның өзінде, ақталмаңыз және еш сыр бермеңіз. Оны
сізден басқа ешкім білмейді.
• Бір нәрсе дұрыс болмай жатса, әзілді пайдаланыңыз: күлкі кез келген
жағдайды бәсеңдетеді.
• Соңында жимыиңыз. Аудиторияның назарына рақмет айтыңыз және
сұрақтарға жауап беруге дайын екеніңізді көрсетіңіз.
Әріптестер, сіздерге сәттілік тілеймін!
26
27
ҚОРыТынДы
Құрметті әріптестер, мен «Педагогикалық Шеберлік орталығында» жұмыс
істеу мүмкіндігін бағалаймын және соған ризамын.
Мен үшін қызмет саласын ауыстыру және сүйікті оқушыларымды тастап кету
қиын болды. Бірақ, өзімнің әріптестерімді, курс тыңдаушыларын оқыту мен оқу
үдерісіндегі заманауи тәсілдерді пайдалануға, сабақтарды жаңаша жоспарлауға,
білім саласындағы озық теориялар мен өз тәжірибелері туралы ойлануға көмектесу
және ынталандыру мені алдыға жетелей түсті.
Өзгерістер тек мұғалімнің өзінде ғана емес, сынып, мектеп көлемін де жүреді.
Сыныпта 25-30 оқушыдан отырады - олардың барлығы болып жатқан оң өзгерістерді
бағаласа, мұғалімдер тек ынталана түседі.
Менде сұрақ бар: мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарының Бағдарламасы
шеңберінде есеп жазу мен таныстырылым жасау ең бастысы болып табыла ма?
Мен шын көңілмен Бағдарлама шеңберінде баяндалған және мектепте
тәжірибеден өткенде мақұлданған ғажайып идеялар, есеп жазу мен таныстырылым
кезеңдері артта қалған кезде де, жалғасын тауып, болашақта іске асырылатынына
сенемін
Үшінші (базалық) деңгейлі біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін
сіздер өз кәсіби іс-әрекетіңізді «ескіше» жалғастыра алмайтындарыңызға, керісінше,
Бағдарламаның жеті модуль идеяларын тиімді қолдану арқылы 21 ғасырда оқушыларға
қажетті дағдыларды игереруге көмектесетіндеріңізге сенімін. Ол дағдылардың
ішінде сын тұрғысынан ойлау және проблемаларды шешу, бейімделуге қабілетті болу,
жігерлілік, ауызша және жазбаша коммуникацияның тиімді дағдылары, ақпаратты
тауып оны өңдеу, әуестену мен қиялдау бар

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет