Мақсаты:Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
№1-тапсырма: Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып түсіндіреді,
берілген жаттығуларды орындатды.
1-тапсырма. Тыңдалым.
Мәтінді үнтаспадан тыңдап, ақпараттарды есіне сақтайды.
2-тапсырма. Айтылым.
Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береді.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл. -Мәтінді тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
5-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
№2-тапсырма: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
3-тапсырма. Айтылым-диалаог
Суреттерге қарап, «Тіл-қарым-қатынас құралы» деген тақырыпқа парталастарымен шағын диалог құрады.
4- тапсырма.Оқылым
Мәтінді оқиды.Не туралы айтылған? Ана тілінің адам өміріндегі рөлі қандай? Тіл не үшін қажет етеді? Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты табады.