Сабақтың тақырыбы: Тіл табысу өнер. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары



бет1/3
Дата19.02.2023
өлшемі118,5 Kb.
#69288
түріСабақ
  1   2   3

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім: I.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш тілді білу – үлкен өнер.

Күні : 20.09.2022ж

Педагогтің аты-жөні: Молданова Ж.У.

Сынып: 7 в

Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар :

Сабақтың тақырыбы: Тіл табысу – өнер.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

7.3.6.1 тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу
7.2.1.1 мақал-мәтелдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту;

Сабақтың мақсаты :

Барлық оқушылар :тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізеді,
мақал-мәтелдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамытады

Тілдік мақсаттар

Қасиет,иемдену,өмір тәжірибесі, құбылыс



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



«Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: «Сенім аралы»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Оқушылар шеңбер болып отырады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстап, «Мен саған сенемін, себебі сен ...» сөйлемді бір сөзбен аяқтайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады, соңында бір-бірлерінің қолдарын ұстайды. Сөйлемді мынандай сөздермен аяқтайды: мейірімдісің, ақылдысың, әдептісің, ұқыптысың, тәртіптісің, әдемісің, т.б.
Үй жұмысын тексеру


Сабақтың тақырыбын, мазмұнын сурет пен сұрақтар арқылы болжайды.



Қолпаштау

Слайд

Сабақтың ортасы


1.Сөздікпен жұмыс.
Қасиет-качество
Иемдену- завладеть, присвоить
өмір тәжірибесі-жизненный опыт
құбылыс-явление
Жаңа сөздермен таныстырады, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Айтылым
4-тапсырма
Мәтінді тыңда, оқы
Тіл – адамзат баласына ғана берілген ұлы қасиет, ерекше қабілет, табиғаттың ғазап сыйы. Әр адамның тілді орынды қолдана алуы оның өмірде жетістіктерге жетуінің негізі болып саналады. Өйткені тіл ғана адамның өзі өмір сүріп отырған ортада өзгелермен тіл табыса білуіне, бірігіп еңбек етуіне, өз орнын иемдениуіне, өзгелерді тануына, өзін танытуға мүмкіндік береді. Абамдармен тіл табыса білу – үлкен өнер. Тілсіз адамның биік нәтижеге жеруі, рухани дамуы мүмкін емес. Өйткені адам тек тіл арқылы басқалармен қарым-қатынас жасап, бірлесе өмір сүреді, биік арманға қол жеткізеді. Тілдің көмегімен ғана дүние туралы білім алып, өз көзқарасын қалыптастырады, адамзаттың өмір тәжірибесін үйренеді. Тек тіл арқылы көңіл күйін, ішкі сезімін білдіреді, өзіне өмірлік дос, жақсы жар табады. Кез-келген ортада өзін ұстай білетін, ақылды, мінезі жайлы, сөзі түзу адамның беделі жоғары болады. Ол үшін адам барлық нәрсеге ойлана қарап, таныс-бейтаныс адамдармен сыпайы сөйлесе алуы, сөзді дұрыс қолдануы қажет. Сонымен, тіл – адамдардың өзара пікір алысуының, ой бөлісуінің ғана құралы емес, тіл – қоғамдық мәні зор, ерекше құбылыс. Әр тілдің өзіне тін ерекшелігі, қарым-қатынас ережелері болады. Сондықтан адам қанша тіл білсе, сонша түрлі қарым-қатынас әдебін де үйренеді.

Айтылым.Жазылым.


6-тапсырма
Бағандағы сөздерді сәйкестендіріп жаз. Оларды орыс тіліне аудар. Сөз тіркесінің мағынасын өз сөзіңмен түсіндір.
Айтылым
11-тапсырма
Берілген сөздерді, сөз тіркестерін пайдаланып, «Сыпайы сөйлесе білу де-өнер» деген тақырыпта пікірлесіңдер.

Жазылым
7-тапсырма


Мәтінге сүйеніп, дара диаграмманы толтырыңдар.
Айтылым
14-тапсырма
Берілген сұрақтардың негізінде жұптасып диалог құраңдар. Диалогте эвфимизмдерді пайдаланыңдар.

Тыңдалым,айтылым.
Жаңа сөздерді жазады, сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет