1-бөлім Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Тілдік қарым-қатынас талаптары
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
5.О1.Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну,анықтау.
5.ӘТН1.Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін,үндестік заңын,емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар қазақ тілінің дыбыстар жүйесін,үндестік заңын,емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазады.
Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
6-тапсырма. Оқылым.
Мәтінді оқып шығады. Мәтіннің негізгі идеясы не жайында? Мәтінді құрамына қарай бөледі: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды.
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.