Сабақтың тақырыбы Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік 1-сабақ



бет1/2
Дата13.04.2023
өлшемі25,88 Kb.
#82497
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
2 biologija 8 qmzh- tuqym-qualaushylyq-pen-ozgergishtik



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.4С Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік 1-сабақ (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.2.4.1 тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы рөлін дәйектеу

Сабақтың мақсаттары

  • тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағырөлін түсіндіру

Бағалау критерийлері

  • тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы рөлін түсіндіреді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы рөлін тиісті терминологияны пайдалана отырып ауызша жазбаша сипаттай алады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, эволюция
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
Өзгергіштіктің нәтижесінде...қалыптасады.
Тұқымқуалаушылық... әкеледі
Қоршаған орта жағдайларының өзгеруі ағзалардың ...әкеледі.
Бейімделушілік ...әкеледі.
Эволюцияның негізгі қозғаушы күштеріне...,... жатады.

Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.
Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.
Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.
Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.
Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.
Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Пәнаралық байланыс

Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікке әкелетін қоршаған ортаның тірі ағзаларға әсер ететін факторлары қарастырылғанда физика пәнімен және тірі ағалардың таралуы туралы қарастыру арқылы география пәнімен байланыс орнатылады.

Алдыңғы білім

Оқушылар 7- сыныптан ДНҚ –ың генетикалық ақпаратты тасымалдаудағы рөлін, сомалық және жыныстық хромосомалар туралы, хромосоманың гаплоидты және диплоидты жиынтықтары туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин



Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мұғалім оқушыларға әртүрлі тұмсықтары бар құстар мен олардың қоректенетін қорегінің түрлері көрсетілген суретке талдау жасап, оның құстар үшін маңызын түсіндіруді сұрайды. Мұғалім: құстар бастапқыда бірдей қорекпен қоректенетін болған. Кейіннен уақыт өте келе олар әртүрлі қорекпен қоректене бастады. Оның себебі неде?
Не себепті құстардың тұмсықтары осылайша әртүрлі болып өзгерді деп сұрайды. Құстар қоректің тек бір түрімен қоректенсе не болар еді деп талқылау жүргізеді.

Талқылаудан соң мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсаты және бағалау критерийлерін талқылап анықтайды. Сынып оқушыларын бағалау критерийлерімен таныстырады.



1 -2 слайдтар

1 - қосымша





Сабақтың ортасы

4-17 мин

Мұғалім оқушылармен бірге әртүрлі құс тұмсықтарының қорек түріне байланысты өзгеруін таныстырылымдағы суреттердің көмегімен талқылайды.
Мұғалім осы құстардағы өзгерістің табиғат үшін маңызы неде деп талқылау жүргізе отырып осындай тұқымқуалайтын өзгергіштіктің эволюциялық маңызы зор, себебі жаңа түрлердің пайда болуына әкеледі деп қорытындылайды.
Құстар бір мекен ортасын ұзақ уақыт бойы мекен ету барысында қорек көзі азайып, олар қоректің басқа түрімен қоректенуіне байланысты жаңа белгілерге ие болды және бұл белгілер тұқымқуалап ұрпақтан –ұрпаққа берілетіндіктен құстардың жаңа түрлері пайда болды деген қорытынды шығарылады.
Оқушыларға Ч.Дарвиннің зерттеу нәтижесі туралы ақпаратты ұсынуға болады.
Мұғалім оқушыларға таныстырылымның 13-14 слайдтардағы бейімделушілік мысалдарын талдауды тапсырады.
Оқушылар ұрпақтан –ұрпаққа берілетін өзгергіштіктің нәтижесінде ағзалардың тіршілік ортасына бейімделуінің салдарына талдау жасап, әрбір бейімделушіліктің эволюцияға әкелетіндігіне көз жеткізеді.
Эволюция тірі ағзалардың қоршаған ортадағы өзгерістерге сай тиімді қасиеттерінің дамуының арқасында өзгергіштікке ие болып, бейімделіп тірі қалуына тәуелді.



2-қосымша
3-17 слайдтар

27-36 мин

Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау ұсынылады.

3-қосымша

Сабақтың соңы

37-40 мин



Кері байланыс
Мен үшін ...жаңа ақпарат болды.
Мен...түсіндім.




Қосымша ақпарат



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет