Сабақтың тақырыбы: Түр түзілу. Сабақтың мақсаты



Дата05.04.2023
өлшемі18,5 Kb.
#79723
түріСабақ
Байланысты:
d182d0b0d29bd18bd180d18bd0b1d18b-d182d2afd180-d182d2afd0b7d196d0bbd183


Жамбыл облысы, Талас ауданы,
Жаңатұрмыс негізгі мектебі
Тынысханұлы Ербол
биология пәнінің мұғалімі


Пәні:Биология
Сыныбы 9


Сабақтың тақырыбы: Түр түзілу.
Сабақтың мақсаты:
Түр түзілу ішінде жүретін табиғи сұрыпталу түрлері тұрақтандырушы сұрыптау; гендер дрейфі, популяциялық толқындар; оқшаулану туралы мағлұмат беру, түсіндіру арқылы оқушылардың білімдерін арттыру, себептерін түсіндіру.
Оқулық мәтінімен, сызбанұсқалармен жұмыс істеу икемділігін дамыту, қорыта және салыстыра, мысалдарды келтіре білуге, ой қорытындылауға үйрету. Топта бірлескен және ұжымдық тәсіл арқылы оқушының тапсырманы орындау, пікір алмасу, түсініктерін, дағдыларын қалыптастыру.
Топтағы бірлескен жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, өзара бағалау жасауда оқушыны әділдікке тәрбиелеу.Өзін өзі бағалау жүргізу арқылы білімге құлшынысын арттыру, өзін бағалауға үйрету.
Көрнекіліктер: карточкалар, тірек сызбалар, тірі ағзалардың суреттері, табиғи сұрыптау түрлеріне мысал суреттер.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі:  сұрақ-жауап.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Экологиялық түр түзілу – түр аумағының жеке бөліктеріндегі экологиялық жағдайлармен тікелей байланысты. Кез – келген популяцияда алуан түрлі кездейсоқ мутациялық өзгерістер үздіксіз жүріп жатады. Популяциялар ішінде шамалы байқалатын ауытқулары бар топтар алғаш бірлесіп тіршілік еткенімен, кейін бәсекелестік күшейіп, олар бір – бірінен алшақтап, жаңа мекен ортасына қарай ығыса бастайды. Мутацияларға байланысты популяция ішіндегі мұндай топтардың гендік құрамы өзгереді.Мысалы, шөбі шабылмайтын шалғындықта үлкен сылдыршөп өсімдігі жаз бойы гүлдейді.Кейін шалғындықтың шөбін жаз ортасында шауып алатын болды.Сондықтан осы кезде гүлдейтін үлкен сылдыршөп тұқым бермейтін жағдайға жетті. Адамның шаруашылық әрекетіне байланысты табиғи сұрыпталудың нәтижесінде шөпті шабуға дейін және шабылғанан кейін гүлдейтін сылдыршөп өсімдіктері ғана сақталып қалып тұқым беретін болды. Бұлар бір шалғындықта өскенімен, өзара будандаса алмайды. Өйткені гүлдеу мерзімдері сәйкес келмейді. Міне, осылай үлкен сылдыршөптің ерте көктемде және жаздың екінші жартысында гүлдейтін екі түр тармағы пайда болды.
Олай болса, географиялық және экологиялық оқшаулану популяциялардың алшақтауына, дербестенуіне, келешекте жаңа түрдің түзілуіне әсер ететін эволюциялық механизмдер болып табылады. Түзілген түрлердің ішінен тек жаңа мекен ортасында экологиялық жағдайларды тиімді игеріп, ең жақсы бейімделгендері ғана сақталып, одан әрі эволюциялық даму жолына түседі.
Эволюция барысында көптеген түрлер күрделеніп, жоғары сатыға көтеріледі.Сондықтан табиғатта дене құрылымының күрделілігі әртүрлі дәрежедегі жануарлар мен өсімдіктер барлық жерде бір мезгілде тіршілік етеді. «Неліктен табиғи сұрыпталу барлық төменгі құрылымды топтарды жоғары сатыға көтере алмады?» деген сұрақ тууы мүмкін. Оның себебі, кейбір организмдерде болар –болмас ,әсер байқалатын өзгерістер қалдырады.Ондай өзгерістер тек сол орта жағдайларына ғана сәйкес келуі мүмкін. Дарвиннің айтуынша, тіршілігі қарапайым ортадакүрделі құрылыстың қажеті жоқ. Мысалы, сан миллион жылдар бойы аса өзгермеген басаяқты былқылдақденелілер Үнді мұхитында қазір де тіршілік етуде. Сол сияқты Аустралияда бүгінге дейін сақталып келген қалталы сүтқоректілер осы жағдайды түсіндіреді.
Қорытынды: Популяциялардан жаңа түрдің түзілуі микроэволюцияның нәтижесі болып табылады. Географиялық түр түзілуде алғашқы аймақ табиғи кедергілерге байланысты бірнеше бөліктерге бөліктерге бөлініп, ондағы оқшауланған популяциялар түрлі эволюциялық факторлардың әсерінен өзгерістерге ие болып, келешекте жаңа түрлерге бастама беруі мүмкін. Экологиялық түр түзілу биологиялық оқшаулануға, негізінде, көбею мерзімінің сәйкес келмеуіне, т.б. жағдайларға байланысты жүреді. Бұл түр түзілудің ерекшелігі – түзілген жаңа түрлер бастапқы түрге көбірек ұқсайтын болады.
Сабақты бекіту. Сәйкестігін тап:
Географиялық түр түзілу
Экологиялық түр түзілу
Сабақты сұрақтар қою арқылы қорыту бекіту, бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет