Саралаудың «тапсырма» тәсілі арқылы оқушы қажеттілігін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беремін.
А. Заттың 1 кг бағасы 70 теңге 2 кг, 3 кг, 4 кг, 5 кг, 6 кг, 7 кг, 8 кг заттың құны неше теңге? Кестені толтыр.
Массасы (кг)
1
2
3
4
5
6
7
8
Құны (кг)
70
В. Массасы 200 г, концентрациясы 15%-тік қантты су ерітіндісіне 100 г таза су құйылды. Соңғы ерітіндінің концентрациясы неше процент? Шешуі: 1) Концентрациясы 15% болатын 200 г ерітіндіде неше грамм (х) қант бар?
х - алғашқы ерітіндідегі қанттың массасы
200 г - 100% Мұндағы бағыттауыш сызық шаманың үлкен мәнінен
х г - 15 % кіші мәніне бағытталған.
2) Соңғы ерітіндінің массасы неше грамм?
200+100=300 г.
3) Соңғы ерітіндінің концентрациясы неше процент (у)?
300 г – 100% 30 г - у%
Жауабы: 10% - соңғы ерітіндінің концентрациясы.
С. Мотоциклші өзен үстіндегі көпірден 10 м/с жылдамдықпен 54 секундта өтеді. Мотоциклші осы көпірден 12 м/с жылдамдықпен неше секундта өтеді?
Шешуі:х- мотоциклшінің көпірден 12 м/с жылдамдықпен өту уақыты
есептің берілуі бойынша қысқаша шарты:
10 м/с ------- 54 с
12 м/с ------ хс
Есептің шарты бойынша кері пропорционал шамаларды пайдаланып, құрылған пропорция Жауабы: 45 с. "Жеке жұмыс" Есептер шығару. Саралаудың «Тапсырма» тәсілінен оқушылардың қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
1 - Тапсырма. Саяхатшылар катермен А пункті мен В пунктіне өзен ағысымен жүзіп барды, ал қайтарда А пунктіне теплоходпен келді. Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ . Теплоходтың меншікті жылдамдығы 26 км/сағ. Катердің меншікті жылдамдығының теплоходтың меншікті жылдамдығына қатынасы 8:13 қатынасындай. Саяхатшылар А пунктінен В пунктіне катермен 3,6 сағатта барса, қайтарда теплоходпен А пунктіне неше сағатта келеді? Жауабы: 2,7 сағ.