Сабақтың тақырыбы Туризм деген не? Сабақтың мақсаты



бет38/46
Дата27.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#110943
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46
Байланысты:
туризм қмж

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?







Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Өлкенің сулары және оларды пайдалану.

Сабақтың мақсаты



ішкі суларын топтастырады, өзендер мен көлдер, жерасты сулары

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу, назарларын сабаққа аудару


ІІ.Үй тапсырмасы.
1. «Климат» сөзінің мағынасы қандай ?
2.Жамбыл облысының климаты қандай ?
3Жамбыл облысы қандай ауа массаларының ықпалында ?



Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды


«Кіру билеттері»





http://bestreferat.kz/extra_rkd/show/59

Ортасы

Жаңа тақырыпты ашу
Әдісі: «Миға шабуыл»
Аудан жерімен Талас, Аса өзендері ағып өтеді; Бөгеткөл, Сұлукөл, Сеңгірбай, Көкіш көлдері бар. Жері таулы-шалғынды, шалғынды-сұр, шалғынды-батпақты келеді. Онда жусан, жантақ, сораң шөп, қамыс, құрақ, бұталы өсімдіктер, т.б. өседі. Ақ бөкен, арқар, қоян, түлкі, қасқыр, шиебөрі, қырғауыл, т.б. мекендейді.
Ш у өзені бастауын Қырғыз және Іле Алатауында алады және Қырғызстан шекарасын кесіп өткеннен соң Қазақстан аумағы арқылы ағады. Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінен Арыс, Боралдай, Бөген өзендері басталады. Таудың солтүстік-батыс беткейінен көктемде еріген қар суымен қоректеніп, жазда кеуіп қалатын өзендер бастау алады.
АсаЖамбыл облысыТалас, Сарысу, Жамбыл аудандарының жерімен өтетін өзен, Таластың сол саласы. Ұзындығы 253 км, су жиналатын алабы 6670 км².
Бастауы
Аса Қаратаудың оңтүстік-шығыс беткейінен басталатын Теріс және Күркіреу өзендерінің қосылуынан құралады.
Гидрологиясы
Арнасы жоғарғы ағысында тар, тік жарлы, орта ағысында Билікөл, Ақкөл көлдері арқылы ағып өтеді. Кей жылдары Талас өзеніне құяр жерінде құмға сіңіп кетеді. Жылдық орташа су ағымы 10,4 м³/с. Желтоқсанның басында суы қатып, ақпанның аяғында мұзы ериді. Аса өзенінің қызылша плантациялары мен бау-бақша, егінді суғаруда маңызы зор.[1]
Оның кішігірім 30-ға жуық саласы бар. Жуалы ауданының жерінде ол Шақпақ, Теріс, Ақсай, Көксай, Күркіреусу өзендері қосылған соң Аса өзені аталады. Асаның әсіресе Күркіреусу өзенімен қосылған тұсы таулы аңғармен өтеді, ағысы өте жылдам.
Қаратөбе ауылдық округі маңында "Айырма" аталып, "Үлкен Аса" және "Кіші Аса" болып екіге бөлінеді. Өрнек ауылдық округі маңында екеуі бір арнаға қосылып "Құйған" атанады. Билікөл ауылы маңында тоғыз тарауға бөлініп, "Тоғызтарау" аталады. Сонымен қатар одан Қуат каналы бөлініп ағып өтеді. Жамбыл ауданының жерінде Аса өзені Ақкөл ауылының шығыс жағынан ағып өтеді.
Атау тарихы
Өзеннің "Аса" деп аталуына байланысты ел аузында мынандай аңыз айтылады: "Тараздың жас батыры Қарахан ғашық болған Айша бибі сұлу сүйгеніне келе жатқан жолында, осы өзеннің жағасында Айшаны улы жылан шағып өлтіреді. Қос ғашық арманына жете алмай, қыз өзеннен аса алмай көз жұмады. Сондықтан жұрт өзенді "Аса алмаған" деп атап, кейіннен "Аса" атап кеткен дейді.
Ал, енді Геродоттың дерегі бойынша, қазақ даласын мекендеген сақ тайпасының ең үлкені Асы "Ассақтар" атымен байланысты. Асылар батысында Кіші Қаратау арқылы шектелсе, шығысында Талас, Шу, Іле, Тарбағатай мен Алтай аралығына дейін мекендеген, негізгі ата-мекені Жетісу болған. Тарихшы У. Шалекенов Асылардың Тұйық, Жайсан, Шатырқұл кен орындарын игергенін жазса, Ә. Марғұлан Асылардың Сарыарқадағы көптеген мәдениет ескерткіштерін ашып берді. "Ассақтар, яғни асы тайпасы б.д.д. 5-6 ғасырда құрылған Ұлы жүз отанының бірі болып, Үйсін мемлекетінің құрамына енген. Б.д.д. 2-ғасырда грек-бактриялықтарды тас-талқан етіп жеңген Үйсін мемлекетінің Асы, Арыс тайпаларыныан жасақталған жауынгерлер еді"- деп жазады Ю.Зуев.
Қысқасы, Аса өзенінің тарихы осы аймақты мекендеген Сақ тайпасының атымен аталғаны даусыз. Бүгінде Жамбыл ауданының орталығы, темір жол бекеті, бірқатар елді мекендер осы Асы тайпасының атымен аталады.



Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды


Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады

Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет