5-бөлім. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы.
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:6
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Ұлттық мұражайға бардың ба?
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
6.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру;
6.5.1.5 - етістіктің шақтарының (нақ осы шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: етістіктің шақтарының (нақ осы шақ) қызметін біледі, ауызша және жазба жұмыстарда қолдана алады;
Көпшілік оқушылар үшін: тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап береді;
Кейбір оқушылар үшін:сыни пікірін дәлелдеп жаза алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.