Сабақтың тақырыбы: «Қуғын- сүргін құрбандары»



бет1/3
Дата02.06.2023
өлшемі38,43 Kb.
#98361
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Куғын- сүргін құрбандары ашық тәрбие сағаты


Сабақтың тақырыбы: «Қуғын- сүргін құрбандары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық қасіреті. Қазақстан – лагерьлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасау.
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылықпен іздену арқылы олардың философиялық ойлау қабілетін жетілдіру, өз ойларын жеткізудегі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушылардың отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: концерттік
Көрнекі құралдар: Қазақстанның картасы, КарЛАГ картасы, қазақ зиялыларының суреттері, слайд шоу.
Сабақтың барысы:
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! 1929-1938 жж аралығында қазақ зиялыларын қисынынан құлатқан «Құғын- сүргін құрбандары» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз. Кешімізді бастамас бұрын «Бір минут үнсіздікпен құрбандарды еске алсақ».
Қайран, қазақ елі... Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр.
2-жүргізуші:
Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау “ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама “ заманынан бастап, қойша қырылған " репрессия " жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.
1-жүргізуші:
Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж. Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 -хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады,сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев , Ә.Ермеков т.б. болды.
2-жүргізуші:
«Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен"
Өз ауылымның иттері үріп қапқаны»
- деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқан еді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет