Тақырыптың мазмұнын ашуға арналған бағыттауыш сұрақтар қойылады.
Тағамның құрамында қант бар екенін білеміз, ол бізге қуат береді.
Бірақ біз бұл энергияны қанттан қалай аламыз?
Бұл организмдердің барлығын не біріктіреді?
Олардың барлығы қозғалады және бұл энергияны қажет етеді.
Осы әртүрлі ағзалар қозғалу үшін энергияны қалай алады?
Ағзаларға энергия қажет:
• күрделі молекулаларды құруға арналған химиялық реакциялар
• қозғалыс
• жылыну үшін
Тапсырма 1. Алдыңғы білімдеріңізді қолданып келесі сұрақтарға жауап беріңіз.
Аэробты тыныс алудың ауызша теңдеуін аяқтау үшін осы сөздерді қолданыңыз.
Таңба теңдеуін жаза аласыз ба?
Тыныс алу үшін глюкоза мен оттегін қайдан алатынымызды және көмірқышқыл газы мен сумен не болатынын түсіндіріңіз.
Энергияның тірі организмдер үшін маңызды болуының үш себебін келтіріңіз.
Аэробты тыныс алудың химиялық реакциясы:
С6Н12О2 + О2 = СО2 + Н2О + АТФ
Глюкоза + оттегі = көміртек диоксиді + су + энергия
Адам денесінде жүздеген трилион жасушадан құралатын болса, сол жасушалардың әр қайсысы тыныс алады. Жасуша ішінде жүретін тыныс алуды жасушалық тыныс алу деп атайды. Жасушалық тыныс алу 2-ге бөлінеді.
Тыныс алу үдерісіне оттек атысатындықтан бұл үдеріс аэробты тыныс алу деп аталады. Аэробты тыныс алу кезінде энергия көп бөлінеді. Энергия жасушаның ішінде митохондрияларда өндіріледі. Ағзада оттек тотығу реакциялары нәтижесінде органикалық заттарды ыдыратып, энергияны босатып шығарады.
Анаэробты тыныс алу кезінде ағзалар оттекті қажет етпейді. Тыныс алуға оттек қатыспағандықтан қоректік заттар толық ыдырамайды, сондықтан түзілетін энергияның мөлшері аз болады. Анаэробты тыныс алу адам ағзасында ауыр физикалық жаттығулар жасаған кезде бұлшықеттерде жүзеге асады. Жануарлар жасушаларында уақытша оттек жетіспегендіктен глюкоза цитоплазмада сүт қышқылына дейін ғана ыдырайды.
Анаэропты тыныс алу 2 кезеңнен ал аэропты тыныс алу 3 кезеңнен тұрады. Аэропты тыныс алудың үшінші кезеңі митохондрияда жалғасады.
Митохондриялар — жіпше және түйіршік тәрізді органоид. Ол автотрофты және гетеротрофты организмдердің цитоплазмасында кездеседі. Митохондрияның құрамына енетін ақуыздардың көпшілігі — тотығу процесін камтамасыз ететін, матриксінде және ішкі мембраналарына орналасқан ферменттер болып табылады. Жануарлар жасушаларына қарағанда жасыл өсімдіктерде митохондриялар аз кездеседі, өйткені митохондриялардың кейбір қызметтерін хлоропластар атқарады.
|