Сабақтың тақырыбы Вирустар. Жасушасыз құрылым иелері вирустардың құрылыс ерекшеліктері



бет1/3
Дата01.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#46610
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Вирустар 7 класс



Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың
тарауы: Микробиология және биотехнология


Күні:
Сынып: 7

Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар:
Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Вирустар. Жасушасыз құрылым иелері вирустардың құрылыс ерекшеліктері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.3.4 - вирустардың тіршіліктің жасушасыз формасы екендігін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

- Вирустардың тіршіліктің жасушасыз формасы екендігін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

- Жасушасыз құрылым иелері вирустардың құрылыс ерекшеліктерін сипаттай алады.

Кейбір оқушылар:

-Вирус арқылы таралатын аурулармен күресу үшін медицинада жүргізілетін шараларды сараптайды.

Бағалау критерийі

- Вирустардың тіршіліктің жасушасыз формасы екендігін түсінеді.
- Вирустардың құрылысын және тіршілігін біледі.
- Вирустар тудыратын ауруларды сипаттап, талдай алады.

Тілдік мақсаттар



Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Термин сөздермен жұмыс жасай алады:
 Вирус – вирус – virus;
Вирусология – вирусология – virology;
Бактериофаг – бактериофаг – bacteriophage;
Капсид – капсид – capsid.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

  1. Вирустар туралы не білесіңдер?

  2. Олар қайда тіршілік етеді?

  3. Вирустардың табиғаты қандай?

  4. Олар бактериялардан несімен ерекшеленеді?

Биологиялық диктант.
Вирустар - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі.
Олар рибонуклейн қышқылынан немесе дезоксирибонуклейн нәруызбен қапталған қабықшадан - капсидтерден тұрады.
Бактерияларды зақымдап, ерітіп жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бактериофагтардың денесі басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальды түтікшелерден тұрады.

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылығы.Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты. 
Зайырлы қоғамда өзіне сенімді, тез шешім қабылдай алатын, өзін және өзгені құрметтей алатын, жан - жақты ұрпақ тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет