Сабақтың тақырыбы: Web визуальды редакторлардың негізгі мүмкіндіктері



бет2/3
Дата13.09.2022
өлшемі0,66 Mb.
#38960
түріСабақ
1   2   3

тегімен таңбаланған (3 сурет).






2 cурет. Мәтін енгізу кезеңі
3 сурет. Мәтінді енгізу және пішімдеу.

Айта кететін маңызды жайт, ол құжаттағы кез келген позицияны меңзермен ерекшелесек, бет атауы белгісінің астында ерекшеленген мәтін бөлігінің тегі көрінетін болады. Бұл құжаттың мазмұнын дұрыс бағдарлауға көмектеседі. Мәтін бөлігіне қандай да бір пішімдеу қолдану үшін Құрал-саймандар панелінен керекті құралды таңдау керек және мәтін бөліктері конструктор аумағы мен код аумағында да бірдей ерекшеленетініне мән беріңдер.


Элементтер қосу
Қарапайым мәтіндермен қатар web-парақта әртүрлі элемент түрлері кездеседі. Share Point Designer-де элементтердің 3 типі қарастырылған:

  • Кәдімгі HTML тегтері;

  • ASP.NET басқаруының серверлік элементтері;

  • Share Point қызметі басқаруының серверлік элементтері.

Элемент типтері әртүрлі болғанмен оларды web-параққа орналастыру бірдей тәсілмен жүзеге асырылады. Қазір біз параққа горизонталь сызық элементін орналастыру техникасын қарастырып көрейік. Ол үшін:

  1. Элементтер панелін ашамыз.

  2. Элементтер панелінен Горизонталь сызық батырмасын шертеміз.

  3. Тінтуірдің сол жақ батырмасымен сүйреп әкеліп, web-парақтың керекті жеріне орналастырамыз.

  4. Тінтуірді жібереміз .

Нәтижесінде web-парақта горизонталь сызық пайда болады (4 сурет).



4 сурет. Web-параққа горизонталь сызық элементін қосу

Қосылған элементті пішімдеу үшін контексті мәзірді қолданған ыңғайлы. Мысалы, web-параққа орналастырған сызықты редакторлау үшін мына әрекеттерді орындаймыз:



  • Сызыққа тінтуірдің оң жағын шертіп, контекстік мәзірді шақырамыз;

  • Мәзірден Горизонталь сызықтың қасиеті бұйрығын таңдаймыз; (5 сурет)

  • Сұхбат терезесінен қажетті қасиеттерді орнатамыз да, ОК батырмасын шертеміз (6 сурет)









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет