IV. Сабақты бекіту: Windows –тың стандартты қосымшаларына енлер жатады екен?
Блокнот қандай программа?
Калькулятор жұмыс істеу принципі қандай?
V.Қорытындылау. Үй тапсырмасын беру: 6-тақырып. 116-122 беттер.
IV. Оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін қолданып, практикалық шеберлікті дамыту, дербес компьютермен жұмыс
Топтағы оқушылар топтарға бөлініп, отырғызылғандықтан, әр топқа жекелеп, бір cтандартты бағдарлама бойынша тапсырмалар беріледі.
1 – тапсырма. Кім шапшаң? Әр топтан бір оқушы шығып, өздеріне берілген стандарттық бағдарламаны дербес компьютерде жүктеп көрсетуі керек.
2 – тапсырма. Кім епті? Әр топқа өздеріне берілген стандарттық бағдарламалар бойынша тапсырмалар беріледі, ол тапсырманы топ оқушылары талдап, топтан бір оқушы шығып, дербес компьютерде орындап беруі керек. Тапсырма уақыты – 5 минут, жылдамдыққа байланысты бағаланады.
І. Блокнот бағдарламасы бойынша тапсырма:
1. Блокнот бағдарламасын жүктеу.
2. Ашылған терезеде берілген мәтінді теру керек:
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға,
Әділет, шапағат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
3. Мәтінді «Тақпақ» деген атаумен сақта.
ІІ. WordPad бағдарламасы бойынша тапсырма:
1. WordPad бағдарламасын жүктеу.
2. Ашылған терезеде төмендегі мәтінді теру қажет:
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада
Уақытты тектен-текке жоймайық.
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Білімділік көрсетейік, сынайық,
Жеңсең де, жеңбесең де, ренішсіз болайық,
Қаймықпай көңілді болып тарайық!
3. Мәтінді «Тақпақ» деген атаумен сақта.
ІІІ. Калькулятор бағдарламасы бойынша тапсырма:
Қызметкерлері 8 адамнан тұратын кіші бөлімшенің орта жалақысын есептеу мысалын қарастырайық. Айталық бірінші қызметкердің жалақысы - 17500, екіншісінікі - 17300, үшіншісінікі - 16800, төртіншісінікі - 16000, бесіншісінікі – 15500, алтыншы қызметкердікі – 14800, жетіншісінікі – 14000, сегізіншісінікі – 13800 теңге болсын.
Орта жалақыны есептеу үшін төменгі амалдарды орындау керек:
1. Инженерлік калькуляторды іске қосыңыз;
2. Sta батырмасын басыңыз;
3. Калькулятор терезесін жаппайтындай етіп Статистика терезесін ашыңыз;
4. Бірінші санды енгізіп Dat батырмасын басқанда сан Статистика терезесінен көрінеді.
5. Dat батырмасын баса отырып қалған сандарды енгізу;
6. Барлық сандар Статистика терезесіне енгізіліп болғаннан кейін Ave батырмасын басқанда, калькулятордың индикаторында жалақының орта мәні қанша теңге екені көрінеді.
7. Жұмысты жасап болған соң, оқытушыға көрсет.
ІV. Paint бағдарламасы бойынша тапсырма: «Суда жүзген қайықтар» суретін салу.
Жұмысты орындау:
1. Горизонт сызығын салып, көрсет.
2. Эллипстің көмегімен күннің суретін салып, эллипстің төменгі жағын «Өшіргіш» арқылы өшіріп таста.
3. «Құю» әрекеті арқылы теңіз, аспан, күнді бояу қажет.
4. «Сызық», «Шашыратқыш», «Төртбұрыш», «Құю» әрекеттерін кезек қолдана отырып, экранның бос жерінде қайықтың суретін сал.
5. Оны «Ерекшелеу» әрекеті арқылы ерекшелеп, алмастыру буферіне сақтап ал. Ол үшін қажетті сурет аймағын белгілеп, ерекшеле. Содан соң, горизонтальды мәзірден «Түзету – көшіру», «Түзету – Қою» әрекеттері арқылы алмастыру буферіне сақта.
6. Алмастыру буферінде сақталған қайықтың суреттерін су бетіне бірнеше көшірме жасай отырып, орналастыр.
1. Суретті «Суда жүзген қайықтар» деп сақта.
3 – тапсырма. Кім жүйрік? Әр топқа өздеріне берілген стандарттық бағдарламаларға басқа да стандарттық бағдарламаларды қолдана отырып орындау үшін деңгейлік тапсырмалар беріледі, ол тапсырманы топ оқушылары талдап, топтан бір оқушы шығып, дербес компьютерде орындап беруі керек. Тапсырма уақыты – 5 минут, жылдамдыққа байланысты бағаланады.
І. Блокнот-Калькулятор бағдарламасы бойынша тапсырма:
1. Блокнот бағдарламасын жүктеу.
2. Мәтінді теріңіз. Сұрақ:
Мен 1111 жастамын. Мектеп табалдырығын 111 жасымда аттадым. Мен ... 10001 мектептің 1001 сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 11001 оқушы. Мен мектепті 10000000001000 жылы бітіремін.
Жауап:
Мен _____ жастамын. Мектеп табалдырығын ____ жасымда аттадым. Мен ________мектептің ______ сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы ________ оқушы. Мен мектепті _______ жылы бітіремін.
3. Калькулятор программасын іске қосыңыз, сізге кедергі болмау үшін, калькуляторды терезенің тақырыбының сыртына орналастырыңыз.
4. Инженерлік калькулятор төрт санау жүйелерінде жұмыс істей алады. Олар: ондық, сегіздік, екілік, он алтылық. Олардың қажеттісін таңдау үшін сәйкес төрт батырманың бірін шертеді, яғни Hex (он алтылық), Dec (ондық), Oct (сегіздік), Bin (екілік). Егер санды ондық жүйеде теріп, қалған үшеуінің бірін басса, индикатор өрісіндегі сан автоматты түрде жаңа жүйеге аударылады. Мысалы, екілік жүйедегі 1111 санын теріп, Dec (ондық) батырмасын басса, онда индикатордан 15 саны көрінеді.
5. Сол сияқты есепте көрсетілген әрбір екілік санды калькуляторға тере отырып, оны ондық жүйеге алмастырып, төмендегі есепті шешуі керек.
6. Есептеп шығарған нәтижелерді Блокнот бағдарламасында терілген мәтінге толықтырып, жазыңыз.
7. Файлды «Есептік жұмбақ» деп сақтаңыз.
ІІ. WordPad-Калькулятор бағдарламасы бойынша тапсырма:
1. WordPad программасын іске қосыңыз.
2. Мәтінді теріңіз.
3. Файлды «Ведомость» атымен сақтаңыз.
4. 10550 санын теңге сөзісіз бөліп алып, Правка – Копировать командасы арқылы алмасу буферіне көшіріңіз.
5. Калькулятор программасын іске қосыңыз, сізге кедергі болмау үшін, калькуляторды терезенің тақырыбының сыртына орналастырыңыз.
6. Правка – Вставить командасын пайдаланып, алмасу буферінен санды индикаторға шақырыңыз. Индикация алаңында 10550 саны пайда болады.
7. – ті басып, оны калькулятор жадына жазыңыз.
8. Ведомостқа қайта оралып, 4987 санын бөліп алып, оны алмастыру буферіне көшіріңіз.
9. Санды бөліп алғаннан кейін, калькулятор терезесі өшеді (жойылады). Есеп тақтасындағы оның батырмасын шертіңіз.
10. Алмасу буферінен 4987 санын калькулятор индикаторына қойыңыз да, «қосу» батырмасын шертіңіз.
11. 653 және 489 сандарын қосу үшін 8 – 10 пунктердегі амалдарды орындаңыз.
12. Қосымшада нәтижесі – 6129 индикатордан көрінеді. «Алу батырмасын шертіңіз.
13. Одан соң және «тең» батырмаларын шертіңіз.
14. Есептеу нәтижесі – 4421 шығады.
15. Нәтижені алмасу буферіне көшіріңіз.
16. WordPad терезесінің «жұмыс құны» жолағының қажетті орнына меңзерді орналастырып, алмасу буферіндегі нәтижені орналастырыңыз.
ІІІ. Paint -WordPad бағдарламасы бойынша тапсырма:
1. Paint бағдарламасын жүктеу.
2. Ашылған терезеде «Құттықтау қағазын» даярлаңыз.
3. Ол үшін WordPad программасын іске қосыңыз.
4. Мәтінді теріңіз.
Ізгі сөзім арналады жүректен,
Орындалсын әрбір ниет - тілектер,
Бұл өмірдің басты мәні – сыйластық,
Болсын Сізде мұндай достар сыр шерткен!
5. Мәтінді алмастыру буферіне сақтап алып, Paint бағдарламасының терезесін ашып, Түзету→Көшіру, Түзету→Қою амалдарын орындау арқылы құттықтау қағазына құттықтама ретінде кірістіріңіз.
6. «Төртбұрыш» амалын қолдана отырып, құттықтау қағазына жиектеріне әшекей жасаңыз. Құжаттың оң жақ төменгі бөлігіне қажетті құрал-жабдықтарды қолдана отырып, көркемдеу үшін өрнектер салыңыз.
7. Жұмысты аяқтаған соң, файлды «Құттықтау» деп сақтаңыз.
ІV. Калькулятор-WordPad бағдарламасы бойынша тапсырма:
4. Microsoft Word программасын іске қосыңыз.
5. Ашылған терезе төмендегі терезені тұрғызып, мәтінді теріңіз:
6. Барлық кестені ерекшелеп алып, WordPad құжатына көшіріп қойыңыз, немесе WordPad құжатын ашып, Кірістіру→Обьект→ Microsoft Word құжаты немесе Кірістіру→Обьект→файлдан, ары қарай Microsoft Word құжатының атауын көрсету арқылы.
7. Берілген құжатты «Материалдың жұмсалауы» деп сақтаңыз.
8. Калькулятор бағдарламасын ашып, есіктер мен терезе жақтауларын бояуға кететін материалдарды есептеп шығарыңыз.
9. Есептеу нәтижелерін кестеге жазыңыз. Жұмысты аяқтап, сақтап, барлық терезелерді жабыңыз.
4 – тапсырма. Кім білімпаз? Топтастыру стратегиясы бойынша топтардағы оқушылар орындарында отырып, берілген стандарттық бағларлама бойынша білімдеріні қолдана отырып, схеманы толтыру арқылы бір-бірін толықтырып, қорытындылайды.
5 – тапсырма. Кім шығармашыл? Әр топтың бір мүшесі шығып, шығармашылық жұмыстарын қорғайды.
V. Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту
Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту мақсатында «Жалғастыр» әдісі орындалады. Берілген кестедегі бірінші бағанада стандартты бағдарламалардың атаулары көрсетілсе, келесі бағанада стандарттық бағдарламалардың атқаратын қызметі беріледі. Тек олардың орындары шатастырылып берілген. Оқушылар бірінші және екінші бағананы бір-бірімен дұрыс тауып, жалғастыруы керек.
VI. Үй тапсырмасы.
Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Дәулетқұлов «Информатикадан 30 сабақ» 11 – сабақ 127 – 133 беттер,
А.Г.Гейн, А.И.Сенокосов «Информатика» 3 – тарау, §9 Windows операциялық жүйесі. 4 – 5 – Зертханалық жұмыстар. 41 – 59 беттер. Калькулятор программасы бүгінгі күндері тіпті төменгi
Программа екі режимде жұмыс iстейдi:
– стандартты (жады бар
– ғылыми (қиын да
Есептеуге қажет сандар "тышқанмен" немесе пернелер
Калькуляторда стандартты режимде төрт арифметикалық амалдан,
ЗП – индикатордагы санды жадқа
П+ – жадтағы санға индикатордағы санды
ИП – жадта сақталған санды индикаторға
ПО – жадты тазалайды.
Индикаторға енгізілген соңғы цифрды жоюға арналған
Сағат – тек қана
Сағат программасының экраны екі қалыпта болуы
- тақырып жолы мен меню
- тақырып жолы мен меню
Бір күйден екіншісіне ауысу үшін тышқан
Сағат кәдімгі циферблаты мен тілдері бар
Windows жүйесінде сағат программасының Үнемі Алда
Символдар Кестесі (Таблица Символов) программасы мәтiндік
Дыбыс жазу (Звукозапись) - дыбыс платасының
Медиаплеер - дыбыстар жазылған MIDI -
Терминал - қашықта орналасқан компьютерлермен модемдік
Раіnt (Раіntbrush) — келесі сабақта толығымен