Сабақтың тақырыбы:Windows–тың стандартты қосымшалары Сабақтың мақсаты: Білімділік: Windows –тың стандартты қосымшалары туралы мағлұмат беру
Дамытушылық: ғылыми көзқарастарын кеңейту, Ойлау, жобалау қабілеттерін, логикалық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: студенттерді ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі II. Үй тапсырмасын тексеру
IІI. Жаңа сабақты түсіндіру
Windows операциялық жүйесі қолданушыға ортаны баптауға арналған көптеген құралдарды ұсынады. Олардың барлығы Панель управления бумасында орналасады. Оны шақыру негізгі меню арқылы орындалады Пуск/Настройка/Панель управления. Барлық құралдарды екі топқа бөлуге болады. 1-жүйелік баптауға арналған құралдар класы – құрал-жабдықтарды баптауға және қосымшаларды орнатуға арналған: программаны орнату және өшіру, екі немесе одан да көп монитор қосу, құрал-жабдықтар орнату, тестілеу, конфигурациялау. 2- қолданбалы интерфейсін баптауға арналған құралдар - жүйенің сыртқы түрін өзгертуге арналған: уақыт және мерзімді орнату, жұмыс үстелін безендіру. Windows операциялық жүйесімен коса қамтамасыз етілетін мұндай бағдарламаларды стандартты багдарламалар деп атайды. Windows 7-нің негізгі cтандартты программалары: 1) программа-көрсеткіш Проводник, 2) графикалық редактор Paint, 3) Мәтіндік редакторлар Блокнот және WordPad 4) Калькулятор 5) Адрестік кітап 6) Мультимедиялық программалар жиынтығы «Развлечения», 7) Қызметтік негіздегі программалар: Архивация данных (Деректерді мұрағаттау), Дефрагментация диска, Очистка диска (Дискті тазалау), Таблица символов (Символдар кестесі) және басқалар, 9) Телефондық жүйемен байланыс ұйымдастыру программаларының жиынтығы Связь (Байланыс). Стандартты программалар мәзірі ПУСК батырмасын басу арқылы жұмысқа қосылады (сурет 1). «Пуск» батырмасын басқан соң «Программы» жолын таңдау керек, сонан соң пайда болған бағыныңқы мәзірден «Стандартные» жолы таңдалады. Стандартты программалар тізімінен қажетісін таңдау керек. ( Стандартты бағдарламаларға WordPad-мәтіндік редакторы, Блокнот, Калькулятор, Раіпt бағдарламасы кіреді. Құжаттар мен мәтіндерді дайындау - дербес компьютерлерді пайдаланудың кең таралған жолының бірі. Бұл салада компьютерлер тек баспа машинасының ролін ғана атқарып қоймай, құжаттарды дайындағанда, көптеген қосымша мәселелерді шешуге мүмкіндік береді және ұшан теңіз жұмыстарды шығармашылық еңбекке айналдырады. WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік кұжаттарды құру мүмкіндігін береді. WordPad құжатында мәтін мен абзацты форматтауға, шекараларын жылжытуға, шегіністерді орнатуға, әр түрлі қаріптерді пайдалануға, графикалық бейнелерді, дыбыстық үзінділерді және бейнеклип қоюға болады. )
1. Блокнот мәтіндік редакторы
Блокнот - кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу. Блокнот мәтінді форматтамай тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды дайындауды және дискіде сақтайды. Блокнот программасы қарапайым мәтіндік редактор болып табылады. Ол АNSI форматтағы, яғни форматы жоқ, мәтіндік құжаттарды дайындауға және өңдеуге арналған. Мұндай формат қызметтік файлдарға, мысалы АutoЕХЕС.ВАТ және ІNI кеңейтулі файлдар, беріледі. Блокнота мәтінді өңдеуге қажетті әрекеттердің ең аз мөлшері қолданылады. Бұл программаның негізгі қасиеті оның өте жылдам жұмысқа қосылуы және жұмыс істеуі. Бұл ортада кұрылған файлдарға .tхt кеңейтуі беріледі. Блокнот программасы құрамды құжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде пайдаланылады және қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді.
Көптеген әрекеттерді пернетақтаны жылдам шақыру батырмаларын басу арқылы орындатуға болады:
CTRL + N – құру CTRL + Y- қайталау CTRL + Н –алмастыру (ауыстыру)
CTRL + O - ашу CTRL + X-кесіп алу CTRL + G - өту
CTRL + S - сақтау CTRL + C – көшірме алу CTRL + A - барлығын белгілеу
CTRL + P – басу CTRL + V – қою
CTRL + Z – болдырмау CTRL + F - табу
2. WordPad мәтіндік редакторы. Word Pad– редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі шығып жатқан маман дандырылған мәтіндік редакторға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу болып келеді.
Мәтіндік редактор WordPad, барлық мәтіндік редактор сыяқты мәтіндік құжаттарды кұруға, өңдеуге және қарастыруға арналған. Блокнот редакторымен салыстырғанда тағы да бір маңызды функцияны - құжатты форматтауды жүргізе алады. Құжатты форматтау ол - шрифтердің бірнеше түрін қолдану, мәтіннің шеттерін теңестіру, құжатқа басқа табиғатты объектіні (мысалы, сурет) енгізу, ағып өту мүмкіндіктерінің болуы.
WordPad құжаттарға өз бетімен PTF кеңейтуін береді. Сонымен қатар WordPad МS DOS мәтіндік форматымен және Unicode мәтіндік форматтарымен жұмыс істей алады және осы форматтарда сақтай алады.
WordPad программасы кұрамды құжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде ғана емес, қолданба-қабылдаушы ретінде де пайдаланылады, қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді және ОLЕ объектілерді ендіру және байланыстыру технологияларын қолдануға мүмкіндік береді.
WordPad мәтіндік редакторында пернетақта арқылы басқару жүргізу үшін мына жылдам шақыру батырмаларын қолдануға болады:
CTRL + N – кұру
CTRL + O- ашу
CTRL + S- сақтау
CTRL + P –басу
CTRL + Z – болдырмау
CTRL + Y- қайталау CTRL + X- кесіп алу
CTRL + C – көшірме алу
CTRL + V – қою
CTRL + F – табу
CTRL + Н- алмастыру (ауыстыру)
CTRL + А – барлығын белгілеу
3. Калькулятор
Калькулятор - программасы бүгінгі күндері тіпті төменгі сынып оқушылары да кеңінен пайдаланатын компьютерлік клькулятор болып табылады. ] Калькулятор программасы стандартты (қалыпты) режимде қарапайым арифметикалық есептеулерді жүргізуге арналған (Калькулятор бетіндегі төменгі сурет) және инженерлік режимде (Калькулятор бетіндегі ортадағы сурет). Калькулятордың жұмыс режимі жатық мәзірдегі Вид арқылы таңдалады.
Инженерлік режимде Калькулятор есептей алады:
1) негізгі және кері алгебралық және тригонометриялық функцияларды, гиперболалық функцияларды;
2) екілік, сегіздік, ондық, он алтылық есептеу жүйелерінде берілген сандармен логикалық әрекеттерді.
Стандартты режимде жұмыс істейтін калькуляторда, сандық және арифметикалық амалдар (* - көбейту, / - бөлу, + - қосу, - - алу, sqrt - квадрат түбір табу, % - пайыз табу, 1/х - кері шаманы есептеу, үтір - бүтін мен бөлік арасындағы белгі, +/- - санның таңбасын өзгерту, = - есептеуді аяқтау) батырмаларымен қатар, мынандай батырмалар бар:
С - жаңа есептеуді бастау
СЕ - терілген санды алдындағы арифметикалық амалмен бірге өшіреді,
МС - жадыдағы санды өшіреді,
МК - жадыда сақталған санды индикаторға шығарады,
МS - калькулятор индикаторындағы санды жадыға жібереді,
М+- индикатордағы санда жадыдағы санмен қосып, қосындыны жадыда сақтайды,
Васкsраsе - кейінгі терілген цифрды өшіреді.
Стандартты калькуляторда бір жадылық регистр бар. Калькулятордың жадысында сан бар екендігін жоғарғы сол жақ бұрышта "М" әріпінің пайда болуы көрсетеді.