Сабақтың тақырыбы: Windows -тың стандартты қосымшалары Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет2/3
Дата23.09.2022
өлшемі96 Kb.
#39967
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
6 лекция. Стандартты қосымшалар

4. Сілтеуіш (Проводник)
Сілтеуіш - программа (қолданба), көмегімен файлдық жүйедегі кезкелген объектіні (бума не файл) және олармен қажетті әрекеттерді орындауға болады. Сілтеуіш көмегімен қолданбаларды жұмысқа қосуға, құжаттарды ашуға, файлдар мен бумалардың көшірмесін алуға не көшіруге, дискеттерді форматтауға, Интернеттегі Wed-беттерді көруге болады және т.б. Сілтеуіш интерфейсы қолданушы үшін түсінікті түрде жасалған.
Сілтеуіштің негізгі жұмыс өрісі екі тақтадан (кейде үш) тұрады.
Оң тақтада, орналасуы мекен-жай жолында көрсетілген, буманың құрылымы шығады. Осы тақтадағы буманы тышқанмен екі шертсе, онда бума ашылып, онын құрылымы осы тақтада көрсетіледі.
Сол жақ тақтада бумалар деңгейлерінің иерархиялық құрылымы көрсетіледі. Бума есімі алдындағы "+" белгісі, бумада ендірілген бумалар бар екендігін көрсетеді. Осы буынды тышқанмен шертсе, бума ашылады да, онда ендірілген бумалар көрсетіледі, ал буын белгісі "-" ауысады. Бұл белгіні шертсе, буын бұрынғы қалыпқа келіп, бума жабылады. Егер сол жақ тақтадағы буманы шертсе (белгілесе), оның құрылымы толығымен оң жақ тақтада көрсетіледі.
Сілтеуіш программасындағы негізгі жылдам шақыру батырмалары:
CTRL + Z – болдырмау
CTRL + X- кесіп алу
CTRL + C – көшірме алу
CTRL + V- қою
CTRL + А- бәрін белгілеу
5. Графикалық редактор Раіnt .
Paint (Paintbrush) - Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалык форматында сақталады.
Графикалық редактор Раіnt растрлық, нүктелерден тұратын, суреттерді құру (салу), өңдеу және қарастыру үшін қолданылады. Алмасу буферіндегі суреттің көшірмесін Раіntта әрі қарай өңдеуге алуға болады. Раіntта құрылған суретті басқа құжаттарға қоюға немесе Жұмыс үстелінің фондық суреті ретінде пайдалануға болады. Раіntта сканермен алынған суретті көруге және өзгертуге болады.
Көптеген бұйрықтарды жылдам шақыру батырмалары көмегімен пернетақта арқылы орындауға болады.
CTRL + N – құру
CTRL + O- ашу
CTRL + S- сақтау
CTRL + P – басу
CTRL + Z – болдырмау
CTRL + Y- қайталау
CTRL + X- кесіп алу
CTRL + C – көшірме алу
CTRL + V – қою
CTRL + А – бәрін белгілеу
CTRL + Т- саймандар
CTRL + L – палитра
CTRL+ F- суретті көру
CTRL+ R- шағылыстыру/бұру
CTRL+ W- созу/еңкейту
CTRL+ I- қарсы түске өзгерту
CTRL+ E- атрибуттар





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет