Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
Жаңа сабаққа дайындық.
Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.
Сабақтың ортасы (31 мин)
ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін) Мәтінмен жұмыс: « Кластерлер» әдісі Оқулықтағы жаңа білім айдарындағы берілген мәтінді оқиды.
Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді. Оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өзара байланыстары туралы әңгімелейді.
Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап ізденген де тиімді. Әдетте кластерлер оқушының жеке орындалуынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады.
Топтық жұмыс. «Еркін талқылау» әдісі Бұны шағын топта да, сондай-ақ бүкіл сыныппен де орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, бұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады, бірақ жұмыс топтарда өтсе, мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін. Нұсқа ретінде бір оқушыны көмекші болуды сұрауға болады.
1-тапсырма Қоқыс жинайтын роботтың программасын талдаңдар.
Программа роботтың сөзбен сипатталған алгоритміне қаншалықты сәйкес келеді? Зерттеңдер.
Программа блоктарындағы параметрлердің қолданылуын түсіндіріңдер. Программада қандай цикл режимі қолданылған?
Дескриптор
Қоқыс жинайтын роботтың программасына топтық талдау жасайды.
Программа блоктарындағы параметрлердің қолданылуын түсіндіреді.
Программада қандай цикл режімі қолданылғанын түсіндіреді.