Жеке жұмыс: «Венн диаграммасы» әдісі
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
|
4-тапсырма
Mindstorms EV3 программасында қолданатын екі блок берілген. Осы блоктардың атқаратын қызметін Венн диаграммасымен салыстыр.
Дескриптор
Mindstorms ЕV3 программасында қолданатын екі блоктың атқаратын қызметін Венн диаграммасы бойынша салыстырады.
Олардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын жазады.
|
Қалыптастырушы бағалау
Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Отшашу» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.
|
Сабақтың соңы
7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.
|
ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия
Жеке жұмыс: «Бір ауыз сөз» әдісі
Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б
|
Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
|