Word пен WordPad – мәтіндік редакторларының жұмысындағы айырмашылықтарды біледі.
Берілген суретке сөйлем құрап, мәтіндік редакторда теріп, сақтайды.
Мәтін теру ережесін сақтай отырып, мәтінді өңдеуді үйренеді
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
1.Оқушымен амандасу.
«Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз» ойыны Оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек
тілеу тапсырылады.
Мұғалімнің де бұл іске қатысқаны
дұрыс. Тілектерді бір-біріне айтады/Бұл ойын оқушыға
психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды.
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
Сабақтың ортасы
1-суретке назар аудар,әңгімеле. Берілген суреттерге қандай ортақ тақырып ұсынар едің?
Қандай мәтіндік редакторларды білесің?
Өнер туралы мәтінді компьютерде қандай мәтіндік редактормен теріп, сақтай аласың?
Жаңа тақырып
Word – мәтіннен тұратын құжаттарды дайындауға ар- налған мәтіндік редактор. Microsoft фирмасының офиске ар-налған программалық өнімі.
Word мәтіндік редакторының көмегімен кесте, сәндік мәтін, фотосурет т.б. объектілерден құралған құжатты ре-дакциялауға, басып шығаруға болады.
Программаны іске қосу үшін, командаларды төмендегі ретпен бастаймыз:
Пуск → Все программы → MS Office → MS Word 2010
Іске қосу → Барлық программалар → MS Office → MS Word 2010
1.Жаңа құжат құру үшін, Файл→Создать (Құру)→ Новый документ (Жаңа құжат) (3-сурет, қызылбағыттамалар) командаларын орындаймыз.
2.Құрған құжатты алғаш рет сақтау үшін, Файл→Сохранить как(Қалай сақтау) ко-мандаларын орындаймыз (3-сурет, жасыл бағыттама).
3.Сақталған құжатты ашу үшін, Файл→Открыть (Ашу) командаларын орындаймыз(3-сурет, көк бағыттама).