3.1.1.1 таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгерту үшін клавиштерді пайдалану
3.2.1.2 мәтінді теру ережесін сақтау
3.2.1.3. мәтінді өңдеу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
Мәтін теру ережесін сақтай отырып, мәтінді өңдеуді үйренесің.
Көптеген оқушылар:
WordPad мәтіндік редакторы Windows-тың стандартты программасымен танысады
Кейбір оқушылар:
Word редакторының терезесі WordPadтерезесінен айырмашылығын ұғынады
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру
Сабақ басында музыка қосып қою. Оқушылармен амандасып олардың сабаққа дайындығын көзбен шолу.
Оқушылар шеңбер құрады. 15-ке дейін санаймыз. «Бір»-айтамыз, «екі»-шапалақтаймыз, «үш»-«Уау» деп айтамыз.
(М) «Конверт» әдісі ҚБ: смайлик
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Шеңбер құрып 15-ке дейін санайды.
3.Берілген сұрақтарға жауап береді.
Конверт
Жаңа білім
Бекіту
Редактор (лат. redactus – ретке келтіру) мәтінді тексеретін,
түзету жасайтын маман. Осындай қызметті орындайтын
компьютерлік программаларды редакторлар деп атайды.
2-сыныпта танысқан WordPad мәтіндік редакторы
Windows-тың стандартты программалар жинағына жатады. Программада күрделірек құжат жасауға керекті құралдар жетіспейді. Мәтіндік редактордың түрі көп. Солардың арасынан мүмкіндігі жоғары Word редакторымен танысайық.
Word – мәтіннен тұратын құжаттарды дайындауға ар-
налған мәтіндік редактор. Microsoft фирмасының офиске арналған программалық өнімі.
Пуск → Все программы → MS Offi ce → MS Word 2010 Іске қосу → Барлық программалар → MS Offi ce → MS Word 2010
Мәтіндік редакторда мәтін теру ережесімен таныстыру. Өнер туралы әңгіменің мәтінін Word редакторында теру 1. Мәтіндік редакторды іске қос.
2. Жаңа құжат құр (3-сурет, қызыл бағыттамалар).
3. Жұмыс алаңының ортасына тінтуірмен шертіп, «Өнер» деп
тақырыбын тер.
4. Мәтін теру ережесін сақтай отырып, «Өнер» мәтінін тер.
5. Терген мәтініңді сақта (3-сурет, жасыл бағыттама).
Практикалық жұмыс Word пен WordPad редакторларын төмендегі бағыттар бойынша салыстырып, талдаңдар:
1. Терезе құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.
2. Құралдардағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.
Word редакторының терезесі мен құралдары бойынша сұрақтар
құрастырып, сыныптастарыңа ұсыныңдар.
• Мәтін теруде қандай ережелерді үйрендің?
• Word пен WordPad мәтіндік редакторларының жұмысындағы
қандай үш айырмашылықты атай аласың?
Word редакторындағы құралдардың суретіне қарап, қандай
қызмет атқаратынын болжа. Кесте құрып, дәптеріңе жаз.
Суретте балалар бейнеленген. Балалар-
дың іс-әрекетін сипаттайтын 2-3 сөйлем
құрастыр. Балаларға ат қой. Сөйлемді
мәтіндік редакторда тер. Мәтіндік файл-
ды «Мейірімділік» атауымен сақта.
1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс: «Бір ауыз сөз»
Бүгінгі өткен сабақты бағала.
Қажетті сөздер:
Ұнады, қажет, пайдалы, білдім, үйрендім, қызықтым, есте сақтадым
Өзін-өзі бағалау.
Плакат слайд Үй тапсырмасы
§ 17, 65-бет үйде орындайық, жұмыс дәптері
Ойлан!Мәтін теруде қандай ережелерді үйрендің?
• Word пен WordPad мәтіндік редакторларының жұмысындағықандай үш айырмашылықты атай аласың?