II тапсырма. Топтық жұмыс. «Сипаттау» әдісі. Оқулықтағы мәтінді оқи отырып, киіз үй құрылысын сызу. Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған. Мәтіннен ақпараттарды табу дағдысы дамиды.
I топ- «Алты қанатты үй» Киіз үйдің құрылысын постер арқылы қорғау. киіз үйдің құрылысы (іші-сыртының үш бөліктен тұратынын анықтау керек).
киіз үйдің ішкі құрылысы (оң қанат, сол қанат, төр ұғымдарының мәнін ашу).
киіз ішінде тұратын дүниелердің жасалуын және қолдануын зерттеу.
II топ- «Сегіз қанатты үй» «Алты тақия» әдісі. Киіз үйді экономикалық тиімділігін қарастыру. Берілген мәтінді оқып, тақия түсіне байланысты сөйлеу.
Қызыл тақия – өз ойын айтады Сары тақия – жағымды тұстарын айтады Жасыл тақия – креативті ой айтады. (қызық, жаңа тұстарын қарастырады) Ақ тақия – фактілер (нақты мәліметтер) айтады. Қара тақия – жағымсыз тұстарын айтады. Көк тақия – қорытынды жасайды.
III топ- «Он екі қанатты үй» «Асық ату» әдісі. Ұлттық тәлім-тәрбиелік тапсырма. Шәкірттерге сандықтың ішіндегі асықтар ұсынылады. Әр асықта киіз үйге қатысты айтылған нақыл сөз, тыйым жазылған. Бір асықтан алып, жазылған тіркестің мағынасын ашу: