I.Ұйымдастыру
кезеңі
3 минут
II.Үй тапсырмасын сұрау
5 минут
III.Жаңа сабақ
|
Шәкірттермен сәлемдесу, танысу, түгелдеу,. Шәкірттердің қызығушылығын арттыру, жайлы орта ұйымдастыру. Сыныпты Random платформасы арқылы 3 топқа бөлу.
Топ аттары:
I топ- «Алты қанатты үй»
II топ- «Сегіз қанатты үй»
III топ- «Он екі қанатты үй»
Wizer me платформасы арқылы өткен сабақты сұрау.
Тарихи шеңбердегі «Сұраулы сөздерге» шәкірттермен бірге жауап іздеу арқылы жаңа сабақты ашу.
Кім?
Қазақтың кең-байтақ ұлы даласында ертеде кімдер өмір сүрді?
Біздің арғы ата-бабаларымыз көшпелілер қалай өмір сүрді?
Көшпелілер туралы бейне материал көрсету.
I тапсырма. Топтық жұмыс. «Макет құрастыру» әдісі. Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған. Мәтіннен ақпараттарды табу дағдысы дамиды.
I топ- «Алты қанатты үй»
Мәтіннен Ұсталық өнер тақырыпшасын оқу, сол тақырыпқа қатысты сұраққа жауап беру.
1.Ортағасырлық қалалар орындарынан табылған шеберханалар қандай өнердің дамығанын көрсетеді?
2.Темір ұсталары темірден, мыстан, қоладан қандай бұйымдар жасағын?
Сұрақтар жазылған макет бөліктері беріледі.
Жауап бере отырып, бөліктерді қосып, нәтижесінде Айбалта бейнесін шығару.
Айбалта дегеніміз не? Қолөнердің қайсысына жатады?
|