Сабақтың тақырыбы y=ax және y=ax функциялары, графиктері мен қасиеттері



бет1/3
Дата18.12.2023
өлшемі0,66 Mb.
#140476
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
11 апта алгебра


Сабақ жоспары

7.2В Функция, функция графигі. Күні: 7.01.23 Сынып: 7

Мектеп: Б. Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
Мұғалімнің аты-жөні: Төлеген Мерейлім
Қатысқандар:22 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

y=ax2 және y=ax3 функциялары, графиктері мен қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.5.1.10;
y=ax2 (а≠0) функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу;
7.5.1.11
y=ax3 (а≠0) функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу;



Сабақтың мақсаты

y=ax2 және y=ax3 (а≠0) функцияларының графиктерін сала біледі, оның қасиеттерін біледі, функцияны зерттей алады.

Бағалау критерийі

  1. Функцияның анықталу облысын таба алады.

  2. Функция мәндерін кестеге сала алады.

  3. Функция графигін сала алады.

  4. Функция қасиеттерін қолданып, зерттей алады.

Тілдік мақсаттар

1.Функция мәндерін кестеге салу жолдарын түсіндіреді.
2. Функция графигін салу жолдарын түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • Функция;

  • Квадрат;

  • Куб;

  • Анықталу облысы;

  • Жазықтықтағы координаталар жүйесі;

  • Осьтік симметрия;

  • Функция графигі;

  • Парабола;

  • Кубтық парабола.

Құндылықтарға баулу

Қазақстан тәуелсіздігі және Астана.
Балаларды елжандылыққа тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілік қалыптастыру.
Индустрия заңдары мен инновацияларға негізделген экономикалық өсуге үлес қосу қасиетін қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Информатика, физика, сызу.

АКТ қолдану дағдылары

GeoGebra, AdvancedGrapher бағдарламалары.

Алдыңғы білім

7.1.2.3. Бүтін көрсеткішті дәреженің анықтамасын және қасиеттерін біледі;
7.1.2.4. Бүтін көрсеткішті дәрежесі бар өрнектердің мәндерін таба біледі;



Сабақ барысы

Сабақтың жоспар-ланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың
басы
0 – 5

1.Ұйымдастыру:
а) Оқушылармен амандасу
ә) Сыныпты топқа бөлу
Стикерлер арқылы топқа бөліп аламын. «Түзу сызық», «Парабола», «Кубтық парабола» , «Гипербола» тобын құрайды. Топ жетекшілері сайланады.
б) Жағымды психологиялық ахуал тудыру:
Дөңгеленіп тұрайық, (дөңгеленіп тұрады)
Керегені құрайық.(қолдарын ұстасады)
Уықтар боп иіліп,(қолдарын жоғары көтереді)
Шаңыраққа киіліп, (алға бір қадам басады)
Киіз үйді құрайық. (киіз үйді құрады)
Балаларға сенім білдіру арқылы сабақты бастаймыз.



стикерлер.

Сабақтың ортасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет