6.Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық
құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.
7. Әдебиеттер: (1-ші қосыманы қараңыз)
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (5,5%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15,5%)
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (31%)
Ісіктер шектен тыс құбылмалы,пішіндері де әр түрлі,пайда болып дамуы барлық тіндер мен ағзаларда,көрінісі әр түрлі үлкендіктегі түйін пішіндес және түрлі,тығыздықта немесе тіндерге еніп,айналасына сіңіп тарап шекарасы көрінбей өседі.Кез келген ісік паренхима және арқаудан тұрады.
Атипизм түрлері.
Морфологиялық атитизм өзіне тіндік және жасушалық атипизм түрінен тұрады.
Тіндік атепизм өзі шыққан тін құрылымының әр түрлі элементтерінің өзара қатынасуының бүлінуімен сипатталады.
Мысалы,тері қатерсіз ісігі-папиллома,өзгермеген теріден эпидермис және дерма өзара қатысуының бұзылуымен бөлектеніп көрінеді.Эпидермис жасушалары қабаттары ісіктің бөліктеріндн әртүрлі.Бірақ жасушалардың өз құрылымы әдеттегідей.Мезинхимадан жасалған ісіктерде талшықтың құрылымы әр түрлі жуандықта және ұзындықта,олар қалай болса-солай орналасқан,әр түрлі оралымдар жасайды және т.б
Жасушалық атитизм.Ісік жасушаларының потологиялық өзгерулерінен тұрады.Негізінен олардың өніп жетілуі және диференция нақтылау қабілеті жоғалған.Жасуша өніп-өсіп жетілуі нақтыланудың ерте сатысында тоқтайды,ол көбінесе ұрықтық жасушаға ұқсайды,осындай ахуал анаплазия деп аталады.
Биохимиялық атитизм.Тоқталыссыз өсу негізіне жататын зат алмасудың барлық түрлерінің өзгеруін көрсетеді.Әсіресе көмірсулық және қуаттың метоболизмі өзгереді,нәтижесінде анаэробты гликолиз 20-30рет күшейеді.Сонымен бірге тіндік тыныс әлсізденеді.Нәруыз және нуклейн қышқылдары түзелуі олардың ыдырауынан басым болады.
Иммунологиялық атитизм. Негізделінеді,ісік антигені көп жайларда қожасы жасушаларының антигенінен өзгеше болады.Ісіктік процесс,әсіресе оның үдеп дамуы ісіктік антигендердің ағзаның қожасының иммундық жүйесін тоздырып,тежеуімен байланысты болады.
Функциялық атепизм.Ісіктерде барлық басқа атитизмдер дамуының нәтижесінде болады.Ол қалыпты жасушалар мен ағзаларға сәйкес келетін қызмет әрекеттердің өзгеруімен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |