10. Жаңа сабақты түсіндіру: 13,5 мин (31%)
Бейімделу — организімнің сыртқы ортамен арақатынасын жүзеге асырып, бүкіл тіршілік үдерістерін қамтитын, мәндік ауқымы кең биологиялық ұғым. Ол биологиялық түрдің сақталуын қамтамасыз етеді; деннің сау кезеңіне де, ауру кезіндегі жағдайға қатысты.
Компенсация — организімнің аурулық зақымдарын түзетіп, өзін өзі сақтауға арналған кысылтаяңдағы бейімделулік үдерістің бірі.
Бейімделу (адаптация)
Бейімделу патологияда әртүрлі әрекеттік жағдайлардың бейнесі болып, тіннің (мүшенің) әрекеті тым қарқынды, томен немесе бұрмалануы мүмкін. Сондықтан оған қатысты патологиялық үдерістердің бейнесі: 1) атрофия; 2) гипертрофия (гиперплазия); 3) организация (беріштену); 4) тіндік құрылымның өзгеруі 5) метаплазия немесе 6) дисплазия болуы ықтимал.
Эндогендік факторлар, әр түрлі аурулардың және аурулық ақаулардың қолайсыз ағымда пайда болады – ишемияда, инсультте, ми ісігінде, тыныс жетіспеушілігінде, қан жүйесі патологиясында, бауыр және бүйректер жетіспеушіліктерінде және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |