Патологиялық гипертрофияның қатарына: компенсаторлық,викарлық, нейрогуморалдық гипертрофиялар мен гипертрофия-лық ұлғаюлар жатады.
Компенсаторлық гипертрофияның мысалы ретінде жүрек ги-пертрофиясын қарастыруға болады. Жүрек гипертрофиясының кли-никалық маңызы өте зор. Жүрек кейбір сырқаттар, кезінде (арте-риялық гипертонияда, тума не жүре пайда болған жүрек ақаула-рында) өз массасын 3—4 есе асыра алады (қалыпты массасы 250— 300 г). Көбінесе жүректің сол қарыншасы гипертрофияланып, оньщ қалындығы 2—3 см-ге жетеді бүл жағдай артериялық гипертонияда, атеросклероздың кардиосклерозда, қолқа қақпақшаларьшың ақауында байқалады. Оң қарынша гипертрофиясы өкпенің созыл-малы бронхитінде жөне де басқа созылмалы сырқаттарында, мит-ральдық (қосжарғақты) қақпақша ақауында дамиды. Жүрек гипертрофиясы қайтымды үрдіс, оның негізінде кардиомиоциттер ішіндегі ультрақүрылымдардьщ гиперплазиясы, өрбір кардиомио-цит талшығының жуандауы, олардың арасындағы дөнекер тіннің, қан тамырларының нерв үштарының қосыла өсіп-өнуі жатады. Осыған байланысты жүрек қабырғалары қалындап, оның қуысы кеңіп (эксцентрлік гипертрофия), не тарылып (концентрлік гипертрофия) қалады. Бүл кезенде жүрекгің барлық бөлімдері кеңіп, қабырғалары созылып негізгі патологияға сау қақпақшалардың са-лыстырмалы түрдегі жетіспеушілігі қосылады. Бірақ шекген тыс үлкею нөтижесіңде жүрек бүлшықеттерінің қоректік заттармен қам-тамасыз етілуі төмендеп, гипоксияға байланысты миокардта дистрофия жөне склероз үрдістері дамиды, майда некроз ошақтары пайда болады. Жүрек қызметі бірте-бірте нашарлап декомпенсация фазасы дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |