10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (31%)
Қабыну (inflammation-өрт,алаулану) организмнің әртүрлі сыртқы немесе ішкі патегондік әсерлер нәтижесінде дамыған,қан айналымдарының ерекше бұзылыстарымен және жасушалар пролиферациясымен сипатталатын,стеротипті,қорғаушы-бейімдеуші реакциясы.Ол қабыну ошағындағы зиянды агенттерді жоюға және зақымданған ағзалардағы,тіндердегі құрылымдық өзгерістер қайтақалпына келтіруге бағытталған.
Қабыну жергілікті реакция болғанымен,бүкіл организм мүмкіншілігінің бейнесі.
Қабынудың этиологиясы.Қабыну әр түрлі ішкі және сыртқы себептерден болады.Ішкі (эндогенді) себептерге:некроз,қан құйылу,тіндерге түздердің шөгіп қалуы,организімде азот шлактарының,өт пигметтерінің жиналып қалуы және т.б. жатады.
Сыртқы (экзогенді) себептерге:химиялық (концентрленген қышқылдар,сілті,скипидар),физикалық (радоактифті сәуле және элекр тогы,ыстық және суық әсерлері),механикалық,биологиялық факторлар кіреді.
Қабыну ошағындағы өзгерістер негізінен үш фазадан тұрады:
Альтерация-тіндердің,жасушалардың зақымдануы.
Қан тамырларынан қанның сұйық бөлігінің (эксудация) және қан элементтерінің (эмиграция) сыртқа бөлініп шығуы (бұл үрдіс төменде жан-жақты талданады).
Пролиферация-жасушаларының көбеюі нәтижесінеде тіндердің қайта қалпына келуі немесе сол жердің тыртықтанып бітуі.
Экссудация
Экссудация құбылысы қабыну ошағынан қаның ағып кетуінің қиындауына байланысты қан тамырының ішіндегі гидростаткалық қысымның көтерілуімен түсіндіріледі.Сонымен қатар,қабыну медиаторларының,лейкоциттердің,протеолиздік ферметтерінің әсерінде эндотелий жасушалары жиырылып,жасушаралық саңылаулар кеңейеді немесе микропиноцитоз құбылысы күшейеді.
Қабыну ошағына қан тамырлары арқылы шыққан гематогендік элемменттер (ликоциттер,моноциттер,лимфоциттер) және жергілікті,гистиогендік жасушалар (жергілікті макрофагтар,гистиоциттер,фибробласттар,эндотелиоциттер) қабыну сіңбелерін құрайды.
Пролиферация
Пролиферация қабыну ошағындағы жасушалардың көбюі нәтижесінде тіндердің қайта қалпына келуі немесе сол жердің тыртықтанып бітуі,яғни қабынудың соңғы кезеңі.Пролиферация кезінде қабыну ошағындағы лейкоциттер жойылып,ол жерде мезен химиялық элементтердің,моноциттердің саны артады.Моноциттер макрофакрға,гистиоциттерге айналады.Макрофагтардан эпителиоидт және алып жасушалар тузіледі.Қабыну ошағындағы Т- және В- лимфоциттер иммундық реакциялар эффекторы болып саналады.В-лимфоциттерден плазмалық жасушалар,лаброциттер туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |