Мұғалімнің аты-жөні:
|
Абуева Г
|
Пән/Сынып:
|
Қазақ тілі, 2-сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
5-аптаның 6-сабағы
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Салт-дәстүр және ауыз әдебииеті
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Зат есім
|
Оқу мақсаты:
|
2.2.3.1 - мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
2.3.5.1 – жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету
|
Бағалау критерийі:
|
Жеке, жұптық, тапсырмаларды орындай алады.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс
Оқушыға 1 минут ішінде үйде бар заттардың атын жазуды ұсынамын. Уақыт өткен соң әр оқушы жазған сөздерін оқиды.
Осыдан кейін жазған сөздерінің қандай сұраққа жауап беретіндігін сұраймын. Осылайша жаңа сабақ тақырыбы болжанады.
|
Жеке жұмыс
-Кім? сөзіне жауап беретін бірнеше сөздер жаз
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
|
Ұйымдастыру
|
Психологиялық дайындық.
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
Ұшып келді бір топ қаз,
Қонған жері бірақ саз.
Сазды шоқып, тағы шоқып,
Ұшып кетті бір топ қаз.
|
Сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру
|
Дескриптор:
-Өлеңді мәнерлеп, қатесіз оқиды.
|
Презентация № 1бет
|
7-8 минут
|
Жаңа сабақ
|
http://xitfilms.ru/online/QW1QN18yaXc5Wmc=
Зат есім дегеніміз – заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? не? нелер? кімдер? деген сұрақтар қойылады.
Мысалы: адам, көгершін; жазушылар, құлындар.
Бас әріппен басталып жазылатын зат есімдерге адам аттары, жер - су аттары, таудың аттары, жануарлардың ерекшелеп қойылған аттары жатады.
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
|
Презентация № 2бет
|
8 минут
|
Тәжірибе
|
6 – жаттығу. Мәтіннің тақырыбына қарап, оның мазмұнын болжа. Сонан соң мәтінді түсініп оқы
Тапсырма
Мәтін мазмұны бойынша бір – біріңе сұрақ қой.
Мәтіннен кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап.
Дәптермен жұмыс.
7 – жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.
«Қозым», - дейді мені апам,
«Қозым», - дейді мені атам.
Сөздеріне күлемін,
Қозы емеспін, білемін.
Ө.Ақыпбеков
Тапсырма
Өлеңнен зат есімдерді тап.
Өлеңде бала неге күлді деп ойлайсың?
Қалай ойлайсыңдар, ата – аналарың сендерді еркелеткенде неліктен ботам, құлыным деп атайды? Өз ойларыңмен бөлісіңдер.
|
|
Дескриптор:
-Мәтінді түсініп оқып мазмұнын болжай алады;
-Мәтінге мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды;;
- Мәтіннен кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табады.
Дескриптор:
-Сөздерді қатесіз көшіріп жазады;
- Өлеңнен зат есімдерді таба алады;
-өз ойын ашық жеткізе алады
|
Презентация № 3бет
|
3 минут
|
Бекіту
|
9-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, өлеңді көшіріп жаз.
Өс-өс балам, өсе бер,
.... бол палуан білекті,
...бол таймас жүректі,
... созайық,
...жазайық
Керекті сөздер: аяғыңды, батыл, батыр, саусағыңды.
Тапсырма:
Зат есімдердің астын сыз
|
|
Бағалау критерийлерін ұсыну
Дескриптор:
-Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қоя алады;
-Зат есімдердің астын сыза алады.
|
Презентация № 4бет
|