Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3. Оқушыларды топтарға біріктіру.
|
Ұйымдастыру кезеңі
1-тапсырма. Сұрақ-жауап. Өткенді қайталау
Оқушылар жауаптарын мини тақтайшаға жазады, мұғалім бақылайды.
Зат мөлшерінің таңбасы
Зат мөлшерінің өлшем бірлігі
Авогадро тұрақтысы
Зат мөлшерін анықтауға арналған 3 формула.
2-тапсырма. Жеке немесе топтық жұмыс
Коэффициенттерді (стехиометриялық коэффициенттер) қойып, химиялық реакция теңдеуін теңестіріңіз.
Әр зат формуласының астына стехиометриялық коэфициентке сай келетін зат мөлшерін (моль санын) көрсетіңіз.
Әр заттың молярлық массасы мен массасын есептеңіз.
____Al2O3 +___H2SO4 =___Al2(SO4)3 +___H2O
n = _ моль n = _ моль n = _ моль n = _ моль
M = __ г/моль M = __г/ моль M = __ г/моль M = __г/ моль
m = __ г m = __ г m = __ г m= __ г
Өзара бағалау жүзеге асырылады.
Жасалынған жұмыстың нәтижесінде сабақтың мақсаты мен тақырыбы нақтыланады.
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Слайд
№1-15
http://bilimland.kz
|