8.2.3.8 -газдардың қатысуымен жүретін реакциялар бойынша есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолдану
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Химиялық реакциялардағы газдардың көлем қатынасы туралы жан-жақты түсінік береді
Көпшілік оқушылар үшін: Көлемдік қатынастар заңын қалыптастырады
Кейбір оқушылар үшін: Газдардың көлемдік қатынастары бойынша есептеулер жүргізеді.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.