8.1.1.1 -зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде –мольді білу және Авогадро санын білу
8.1.1.2 қосылыстың молярлық массасын есептей алу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Зат мөлшері, моль, молярлық масса ұғымдарымен таныстыру және заттардың мөлшерін есептеу машықтарын қалыптастырады.
Көпшілік оқушылар үшін: математикалық білімдерін пайдалана отырып, зат мөлшерін, молярлық массаны есептеуде ойлау қабілеттерін дамытады.
Кейбір оқушылар үшін: Химиялық сандық есептеулердің орындалуы - физикалық шамалардың көмегімен, яғни моль, мольдік масса терминдеріне түсінік береді.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.