Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
15 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Есептердің шығару жолын түсіндіреді.
|
Презентация
|
Жеке жұмыс
5 мин
|
Тапсырмалар айдарындағы тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1.Жұмыс дәптерлеріне кесте сызып, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы қызметті салыстырады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
1.Молярлық масса және зат мөлшері арасындағыөзгерістер қай ретпен жүретінің түсіндіреді.
2. Кесте сызып салыстырады
|
ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Топтық жұмыс
6 мин
|
Тапсырмалар айдарындағы тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
Салыстыру1.Массалары бірдей 200 г әктасы СаСO3 және күйдіргіш натр NaOH берілген.Осылардың қайсысының зат мөлшері көп екенін есептеу
2.Массалары бірдей 400 г әктасы СаСO3 және магний оксиді MgO берілген.Осылардың қайсысының зат мөлшері көп екенін есептеу
3. Массалары бірдей 600 г әктасы СаСO3 және құм SіO2 берілген.Осылардың қайсысының зат мөлшері көп екенін есептеңдер
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Берілген салыстыру тапсырмасын орындайды.
2. Өзіндік көзқарасын пайымдайды
|
ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|