Бөлім:
|
8.2C Химиялық реакциядағы энергиямен танысу
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Дабылова Г
|
Күні: 7.12
|
|
Сыныбы: 8А
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар.
№4 зертханалық тәжірибе «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар»
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
8.3.1.3 -экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретінін, ал эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу
8.3.1.4 –әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсер ету салдарынтүсіну
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар үшін:
Эндотермиялық, экзотермиялық реакциялар, жылу эффектісі ұғымдарын еске түсіріп, ол бойынша есеп шығарады
Көпшілік оқушылар үшін:
экзотермиялық және эндотермиялық реакциялары бойынша сандық есептер шығарады
Кейбір оқушылар үшін:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
|
Құндылықтарға баулу:
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
|