Сабақтың тақырыбы: Заттар қасиеттерінің кристалдық тор құрылысына тәуелділігі Бөлім



Дата22.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#26133
түріСабақ

Бекітілді
Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Заттар қасиеттерінің кристалдық тор құрылысына тәуелділігі

Бөлім:

8.3В Химиялық байланыс түрлері

Педагогтің аты-жөні

Борисова Жанна Біржанқызы

Күні:

18.02.2022

Сынып: 8

Қатысушылар саны:



Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Заттардың қасиеттерінің кристалдық тор құрылысына тәуелділігі 2-сабақ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.4.3- заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

  • Кристалдық торлардың түрлері туралы түсінік береді

  • Кристалл тор түрлерін ажырата алады.

  • Заттардың қасиеттерін кристалдық тор типтеріне тәуеллілігін түсіндіреді.

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке  деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі

(5 минут )



Сәлеметсіздер ме оқушылар! Оқушылар экраннан не көріп тұрсыздар? Тұз бен қант

-олардың физикалық қасиеті қандай?

-дұрыс айтасыздар олар қатты заттар.


Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Кристалдық тор түрлері, байлыныс типтері және заттардың арасындағы өзара байланыс
Жауап бер

Ас тұзының формуласы қандай?

Заттардың неше агрегаттық күйі болады?

Химиялық байланыстың неше түрі бар?



Берілген сұрақтарға жауап береді.

Өзін-өзі бағалау.

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Презентация
Слайд 1-3


Жаңа сабақ

(15 минут)




Көптеген қатты заттар кристалдық құрылысты болады(тұз, қант) мұндай заттарды кристалдық заттар деп атайды. Кристалдарда, атомдар, молекулалар белгілі ретпен орналасады, осындай аралықта кезектесіп келетін бөлшектер Кристалдық тор түйінділері деп атайды. Кристалдық торлар:

1)Иондық;

2)Молекулалық;

3)Атомдық



4)Металдық болып бөлінеді.
Иондық кристалдық тор заряды бар иондардан құралады. Бұны осы суретте көре аласыз. Көк түспен теріс зарядталған, ал сары түспен оң зарядталған иондар белгіленген.
Ас тұзы иондық кристалдық тордың мысалы бола алады:


Себебі бұл зат, оң заряды бар натрий ионынан (Na+) және теріс заряды бар хлор ионынан (Cl-) құралған.


Иондық кристалдық торға ие заттар негізінен қатты, жоғары температураларда балқитын болады. Себебі иондар арасында берік байланыс орнайды. Бұлар суда жақсы ериді. Мысалы ас тұзы суда жақсы ериді.
Атомдық кристалдық тор

Атомдық кристалдық тор кеңістікте белгілі бір тәртіппен орналасқан атомдардан құралған. Мысалы алмас деген зат көміртегінің атомдарынан құралған, осы заттын атомдары былай орналасқан:



Алмаста көміртегі атомдары бір-бірімен берік байланысқан. Сондықтан бұл зат берік болады. Жалпы атомдық кристалдық торға ие заттар негізінен қатты, балқу температурасы жоғары және аз еритін болады.


Молекулалық кристалдық тордың түйіндері молекулалардан құралған. Мысалы I2 кристалдық торы мынандай:


Жалпы молекулалық кристалдық торға ие заттар негізінен беріктігі төмен балқу температурасы төмен және сұйық, газ күйінде кездеседі.


Металдық кристалдық тор дегеніміз бұл оң зарядталған иондардан және метал атомдарынан құрылған кристалдық торлар. Оң зарядталған иондарды катиондар деп атайды.



Бұндай кристалдық торлар металдарда (мыс, темір, алюминий, қалайы, қорғасын және басқалары) және олардың қорытпаларында кездеседі. Мысалы қолада.


Металдық торға ие заттарда жылтырлық, тоқты және жылуды жақсы өткізгіштік қасиеттер болады. Оған қоса майысқақтыққа ие.



Жаңа тақырыпты меңгеру,түсіну.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Үш шапалақ» әдісі арқылы қол соғып ынталандыру.


8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Презентация
Слайд 4-9


Бекіту тапсырмасы

(20 минут)




Тапсырма 1. Тест
1.Кристалдық күйде металл атомдары бір-бірмен байланысады

А) иондық байланыспен В) донорлы-акцепторлық байланыспен С) металдық байланыспен

Д) ковалентті байланыспен Е) сутекті байланыспен

2. Молекулалық крсталдық торы бар зат

А) кремний В) хлорсутек С) мырыш гдроксиді Д) барй оксиді Е) алюмний

3. Темірдің кристалдық торының түрі

А) металдық В) атомдық С) иондық, металдық Д)молекулалық Е)иондық

4. Атомдық кристал торы бар зат

А) алмаз В) иілімді күкірт С) ақ фосфор Д) ас тұзы Е) хлор

5. Металдық тордың ерекшеліктері-тор түйіндеріндде орналасатын бөлшектер

А) металл иондары мен молекулалар В) протондар және атомдар

С) электрондар және молекулалар Д) атомдар және электрондар Е) металл атомдары мен иондары


Дескриптор:__Берілген_сұрақтарға_жауап_береді.__Дұрыс_жауапты_белгілейді;____Есептер_шығару'>Дескриптор:

  • Берілген сұрақтарға жауап береді.

  • Дұрыс жауапты белгілейді;



Есептер шығару
10 г ізбес тасын қыздырғанда қанша грамм әк алынады?
2,5 моль магний жанғанда қанша грамм магний түзіледі?
Жауабы:

1-есеп

1. Реакция теңдеуін жазу

CaCO3 →CaO+ CO2

2. Молярлық массаларын есептеу

М (CaCO3)= 40+12+16*3=100 г/моль

М (CaO)= 40+16=56 г/моль

3. Массаларын есептеу

ν= m/М


m=ν*М

m(CaCO3)=ν*М=1 моль*100 г/моль=100 г

m(CaO)=ν*М=1 моль*56 г/моль=56 г

4. Кальций оксидінің массасын есептеу

100 г (CaCO3) – 56 г (CaO)

10 г (CaCO3) – х г (CaO)

х=10*56/100=5,6 г

Жауабы: m (CaO)=5,6 г


2-есеп

1. Реакция теңдеуін жазу

2Mg +О2→2 MgО

2. Молярлық массаларын есептеу

М(Mg)=24 г/моль

М(MgО)=24 +16=40 г/моль

3. MgО массасын есептеу

M(MgО)=ν*М=2 моль*40 г/моль=80 г

2 моль Mg - 80 г MgО

2,5 моль Mg - х г MgО

х=2,5*80/2=100 г

Жауабы: m (MgO)=100 г



Дескриптор: білім алушы

  • Есептің шартын жазады;

  • Реакция теңдеуін құрады;

  • Белгісісіз затты табады;



Қолдану.


Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Презентация



Слайд 10-12




Сабақтың соңы

(5 минут)






Рефлексия: «Бесбармақ» әдісі


Түсінеді, қолданады, талдайды.



Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Қосымша ресурстар

Химия оқулығы 8-сынып Оспанова М.Қ., Белоусова Т.Г.


Презентация
Слайд 13



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет