Жаңа сабақтың тақырыбы: Заттың қасиеттері.
Оқу мақсатымен таныстыру.
Сенің білетінің:
-заттың қасиеті
Сенің меңгеретінің:
-заттардың қасиетін атау;
-затты қасиетіне қасиетіне байланысты қолданылуын анықтау:
-нәтижені қалаған формада ұсыну
(Ұ)« Жедел жауап» айдары
•Дене деген не?
•Адам жасаған денелерді не деп атайды? Мысал келтір.
• Зат деген не? Мысал келтір.
Оқушыларға дене көрсетіледі. Оның дене немес зат екенін ажыратады, күнделікті тұрмыспен байланыстырады.
Мұғалімнің түсіндіруі.
Заттың түрі мен түсі, иісі мен дәмі, тығыздығы мен борпылдақтығы, жұмсақтығы мен қаттылығы, иілгіштігі мен сынғыштығы, сондай-ақ ерігіштігі, аққыштығы, мөлдірлігі – заттың қасиетінежатады.
Бір заттың бір немесе бірнеше қасиеті болады. Мысалы, су – аққыш, мөлдір, ал шыны – қатты, мортсынғыш, мөлдір болады. Әр затты өзіне тән белгісі мен қасиетіне байланысты тұрмыста пайдаланады. Қазіргі кезде пластиктен өте көп зат өндіріледі. Ол шыны сияқты морт сынғыш емес, жарақаттанып қалмайсың, жеңіл, пайдалануға ыңғайлы.
ҰЖ: «Зертте айдары» әдісі
Зерттеу жұмысы.
Заттардың қандай қасиеттері болады?
Зерттеу әдісі:бақылау және эксперимент
Қажет заттар: шегелер,магнит,стакан,файл
Зерттеу жоспары:
-Заттарды бақылау, қасиеттерін (түрі,түсі,күйі) анықтау
-Пішінін анықтау
-Эксперимент жүргізу:магнитке тарту
-Нәтижемін кестеге тіркеу
-Салыстыру,қорытынды жасау
Жұптық жұмыс.
Анықта: «Заттардың қасиеттері»
Тапсырма: Сызбаны толтыр. Оқушылар сызбадағы бос орындарға өзі білетін заттардың қасиеттерін жазады. Бұл тапсырма оқушылардың заттың қасиеті туралы білімін бекітеді.
Анықта.
Оқушылар кестедегі пікірлердің дұрыс немесе дұрыс емес екенін анықтап, бос ұяшықтарға (+/-) белгісін қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |