Заттық сабақтардың мақсаты – оқушылар қоршаған ортаның құбылыстарымен, заттарымен нақтылы танысып, олардың арасындағы байланысты анықтайды. Мұғалім заттық сабақтарды өткізгенде ең алдымен осы пән туралы оқушыларға қаншалықты нақты түсініктер мен ұғымдар беретіні айқын елестетіп алуы керек. Белгілі бір затпен жұмыс атқара отырып, балалар әр түрлі сарамандық іскерлік пен дағдыларды тудыруға жәрдемдесуі керек. Заттық сабақтар топсаяхатынан кейін өткізіледі. Топсаяхат кезінде оқушылардың зерттейтін затымен нақтылы табиғат ортасында танысуларына, оның басқа заттармен және құбылыстарымен байланысын көрулеріне мүмкіндік береді.
Мұғалім заттық сабақтың мазмұны мен барысын, оның білімділік және тәрбиелік мәнін мұқият ойластырады. Сабаққа жабдықтар және табиғи объектілер дайындауға ерекше көңіл бөлу керек. Мұғалім объектіні өзі мұқият қарап, белгіленген жұмыстардың барлық түрін, әсіресе тәжірибеге байланысты жұмыстарды жасап шығуы керек. Жұмысты жүргізуге кететін уақытты дәл анықтауға, бұл жағдайда пайда болатын қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді. Сабақта қарастырылған зат әрбір оқушының алдында болғаны жөн. Ол балаларды қарастырылатын заттарды тиімді қарауға баулиды. Олар заттардың әрқайсысының белгілі бір айқын белгілерін, көлемін, түсін, қозғалуын формасын байқайды. Оқушылардың затты қабылдау белсенділігі әр түрлі болуы мүмкін. Егер мұғалім затты көрсетіп отырып, оқушыларды сабаққа белсенді араластырмай,бәрін өзі айтып берсе, онда балалар тез шаршайды, материалды нашар ұғынады. Мұғалім балаларды ойландырып, сұрақтар берсе, сонда сыныпың жұмысы жандандырылады, оқушылар зейінін күшейтеді, оларды ойлануға, өздігінщше қорытындылар жасауға мәжбүр етеді, түсінуін және есте сақтауын оңайлатады.Ал бұл әдіс-белсенді оқу.
Заттық сабақтар заттармен алғашқы рет түйсік арқылы танысуға мүмкіндік беру керек. Танып біліп отырған затымыз біздің сезім мүшелерімізге әсер ететін болса, онда таныс емес затымызды білетін болып шығамыз.
Заттық сабақтарда оқылатын заттар өте алуан түрлі: табиғаттың тірі объектілері – жануарлар мен өсімдіктер;
көмірдің жеке кесектері, шымтезек, саз балшықтар; қар және мұз; компас, термометр, флюгер және т.б. заттар болуы мүмкін.
Заттық сабақтар өндіріске және табиғатқа экскурсия жасағаннан кейін жиі өткізіледі. Мысалы, кірпіш зауытына экскурсия жасалғаннан кейін оқушылар арнайы заттық сабақта саз балшықтың қасиетімен, өртенген және өртенбеген кірпішпен толық танысады.
Достарыңызбен бөлісу: |