Сабақтың тақырыбы Зерттеу әдістерінің түрлері



бет155/360
Дата24.09.2024
өлшемі26,72 Mb.
#145491
түріСабақ
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   360
Байланысты:
КМЖ 10 сынып жана

осымша №2,3)
3 тапсырма. Нақты бір «апат» немесе дағдарыс аймағын таңдайды. Мысалы:Каспий теңізі мен жағалауы, Байқоңыр ғарыш айлағы,Семей полигоны, ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар.

  • Апат туралы баяндайтын газет мақаласын жазу қажет.

  • Нәтижелерді реттеу үшін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стратегиялар әзірлеу.

  • Экологиялық апатты аймақтар туралы инфографика құрастыру

1. Суреттермен жұмыс.


Қосымша №2 Бейнебаянмен жұмыс. (https://www.youtube.com/watch?v=M1P-9HPsffU)
Қосымша №3. Кейс әдісі арқылы мәтінмен жұмыс.
Арал теңізі.
Арал тенізі - Қазакстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2, тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарга дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілікке көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балык комбинаты тұрақты жүмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген кажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су кұйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған керсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге ескен. Осындай антропогендік факторлар Арал өнірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымнн, Арал апатына себеп болған факторлар:
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; 
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялык дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   360




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет