Сабақтың тақырыбы Зерттеу әдістерінің түрлері



бет198/360
Дата24.09.2024
өлшемі26,72 Mb.
#145491
түріСабақ
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   360
Байланысты:
КМЖ 10 сынып жана

Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1.7 дүниежүзі елдерінің шаруашылық құрылымын бағалау

Сабақтың мақсаты



Оқушылар дүниежүзі елдерінің шаруашылық құрылымын бағалап,
дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктейді.

Бағалау критерииі

  • дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктейді

  • дүниежүзі елдерінің шаруашылық құрылымын бағалайды




Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

. Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

  • Суреттердің қиындыларын біріктіріп, топтарға бірігеді;

  • Суреттерінде не бейнеленгенін сипаттайды

Сыни тұрғыдан ойлауға «Түрткі, сынақтан өткізу, қайта бағыттау» .Географиялық білімдерді алған жағдайда қандай мамандықтарға қол жеткізуге болады?
Ой шақыру
(Дүниежүзілік шаруашылық деген не?Оның маңыздылығын қандай көрсеткіштермен көрсетуге болады?
Сабақтың тақырыбы анықталады.Сабақтың мақсаты анықталып, бағалау критерийлерімен танысады
Жетістік критерийлерін болжайды;
Жетістік критерийлерімен танысады.

Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды


«Кіру билеттері»





http://bestreferat.kz/extra_rkd/show/59

Ортасы

Мұғалім іс-әрекеті:
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі — дүние жүзі елдері ұлттық шаруашылықтарының жиынтығы. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі сыртқы сауда, капиталды сыртқа шығару, жұмыс күшінің көші-қоны, экономикалық келісімшарттар жасау, халықаралық экономикалық ұйымдарды құру, ғылыми-техникалық ақпарат алмасу сияқты өзара экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастардан тұрады.
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі, негізінен, 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында ірі машиналық индустрияның, көліктің және әлемдік рыноктың дамуы нәтижесінде қалыптасты.
Әлем шаруашылығы құрылымында келесідей салаларды көруге болады:
* Өнеркәсіп
* Ауыл шаруашылығы
* Құрылыс
* Көлік
* Қызмет көрсету
Әрбір сала өзінің ішінде салаларға бөлінеді. Елдегі қай саланың басым болуы (дамуы) елдің даму деңгейін көрсетеді. Бұл жерде ауыл шаруашылығы экономиканың біріншілік секторына, өнеркәсіп, құрылыс пен көлік екіншілік секторға, қызмет көрсету үшіншілік секторға жатқызылады. Сонымен қатар, қазіргі кезде ғалымдар төртіншілік секторды айқындайды. Оған БАҚ қызметін жатқызады.
Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс пен көлікті материалдық өндіріс салаларына жатқызады.
Салалар арысындағы қатынасты экономикалық белсенді халықтың құрылымы мен ЖІӨ-дегі салалар үлесі бойынша анықтайды. Егер құрылымда біріншілік сектор басымдылығы көрінсе, ол аграрлы мемлекет болады. Аграрлы құрылым индустрияға дейінгі кезеңде басымдылыққа ие болды.
18-19 ғасырдағы өндірістік төңкерістерден кейін Еуропада екіншілік сектор басымдылығы бар индустриалды құрылым қалыптасты.
Қазіргі кезде әлем шаруашылығы өндірістік емес салалардың басымдылығы (әлем ЖІӨ-ң 40-45 %) бар постиндустриалды құрылымға ие. Ауыл шаруашылығы ЖІӨ-ң 4 %, құрылыс 6 %, көлік 10 % береді.
Постиндустриалды құрылымның келесідей белгілілері болады:

  1. Экономика саласында – тауар өндіруден қызмет өндіруге көшу

  2. Жұмыспен қамту саласында – интеллектуалды жұмыстың басым болуы

  3. Ғылым саласында – жоғары технологиялы өндірістің дамуы

  4. Басқару саласында – соңғы ақпараттық технологиялар негізінде шешім қабылдау

  5. Экология саласында – қоршаған ортаға адамның араласуын сенімді бақылауды қамтамасыз ету

  6. Өндірістік емес салада – тұтынушылық және бизнес қызметтерінің өсуі



Мұғалім оқушыларға дүниежүзілік шаруашылық туралы туралы мәтінмен танысуды жәнесызбанұсқаны талдауды ұсынады.





Мұғалім оқушылардың дүниежүзілік шаруашшылықтыңқұрылымн дұрыс анықтауларына және елдердің даму деңгейі бойынша шаруашылық секторларына топтастыруына баса назар салуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   360




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет