Сабақтың тақырыбы Зерттеу әдістерінің түрлері



бет237/360
Дата24.09.2024
өлшемі26,72 Mb.
#145491
түріСабақ
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   360
Байланысты:
КМЖ 10 сынып жана

Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы



Геосаясаттың негізгі категориялары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.5.1.2 геосаясаттың негізгі категорияларын түсіндіру

Сабақтың мақсаты



Геосаясаттың негізгі категорияларын мақсатын, міндеттерін,зерттеу нысандарын түсіндіру.

Бағалау критерииі

Геосаясаттың негізгі категорияларын білу,мақсат,міндеттерін зерттеу



Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Мұғалім қолайлы психологиялық климат орнату мақсатында оқушыларды шеңберге тұрғызып, бір-бірлеріне тілек білдіртуді ұйымдастырады, сабақтың тақырыбы мен оқыту мақсаттарымен таныстырады.
Өткенді қайталау.
Қалыптастырушы бағалау.
№1 тапсырма.
Төменде берілген екі елді мофологиялық ерекшелігі бойынша салыстырыңыз.
Испания , Боливия
Өзін-өзі бағалау:
Дұрыс жауап: Мүмкін болатын дұрыс жауап үлгісі
Испания: Еуропаның Оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта теңізіндегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді. Жер көлемі 505,9 мың км2.. Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қалалары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Атлант мұхитымен шектеседі.
Боливия: Боливия солтүстігінде және солтүстік-шығысында Бразилиямен, оңтүстік-шығысында — Парагваймен, оңтүстігінде — Аргентинамен, оңтүстік-батысында және батысында — Чили және Перумен. Теңізге шығатын жолы Чили 1879 жылы Антофагаста портың басып алғаннан кейін жоқ.Анд тауында орналасқан мемлекет.

Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ

Слайд 6-7
Дидактикалық материалдар №1



Ортасы

Термин сөздермен жұмыс
Геосаясат– келесі сұрақтарды зерттейтін ғылыми бағыт:
1) мемлекеттердің сыртқы саясаты мен халықаралық қатынастардың саяси, экономикалық, экологиялық, әскери-стратегиялық және елдің географиялық орны мен басқа да географиялық факторлардан туындайтын өзге де өзара байланыстар жүйесіне тәуелділігі;
2) кеңістікті басқару туралы ілім, білім жүйесі. Геосаясат кеңістікті саясат (мемлекет) тұрғысынан қарастырады.
«Геосаясат» ұғымын заманауи ғылымға 1916 жылы швед ғалымы Рудольф Челлен енгізді. Геосаясат өз назарын саясаттың физикалық орта факторларын белсенді пайдалану және мемлекеттің әскери-саяси, экономикалық және экологиялық қауіпсіздігі мүдделерімен оған әсер ету мүмкіншіліктерін анықтауға және зерттеуге аударады. Геосаясат мемлекеттің территориялық мәселелері, оның шекаралары, ресурстарды, оның ішінде адами ресурстарды тиімді пайдалану және таратумен байланысты барлығын зерттейді.
Мемлекеттің өмірлік маңызы бар сыртқы байланыстары жүзеге асырылатын жер шарының аймағы оның геосаяси кеңістігін құрайды. Мемлекет осы кеңістікте одақтар құруға, ұнамсыздарды бағындыруға, бәсекелесін жібермеуге тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   360




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет